Басты жаңалықтар

Қатаң карантин нешесінен бастап енгізіледі: Министрдің жауабы

Көпшілік осы жолғы карантиннің тым қатал болатынын болжауда

Карантинді күшейту туралы шешім жақын күндері қабылданады. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау министрі еліміздің алдағы уақытта коронавируспен қалай күресетіні бойынша  жаңа шешімдерін атады. Төтенше жағдай жариялау туралы әлі нақты шешім шығарылмады, бұл жақын арада белгілі болады дейді ол. "Эпидемиологиялық жағдайдың бизнеске әсер етуі, сондай-ақ өңірлерде қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық. Карантин енгізу немесе қазір әзірленіп жатқан қатаң шектеу шаралары. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия таяу уақытта қабылдайды", - деді министр.