Дәрі-дәрмекті шектен тыс қымбат сатқандар жазаланады
Денсаулық сақтау вице-министрі халық шағымданар болса дәріхана иелерін қандай жаза күтіп тұрғанын атады
Қазақстан бойынша көптеген қалалардың дәріханалары тауардың бағасын бірден көтеріп жібергенін халық желіде жарыса айтып жатыр. Тіпті ең арзан дәрілердің бағасы бірнеше есеге көтеріліп кеткен жағдайлар жиі кездеседі, деп жазды KYN.KZ Осыған байланысты онлайн конференцияда вице-министр өз жауабын берді. «Денсаулық сақтау вице-министрлігінде бағаны бақылау құзіреті бар. Бөлшекті түрде сату кезіндегі шекті бағаны белгілеу барысында бізде нақты талап бар. Маржа көлемі де реттеліп отырады. Сол себепті дәріханаларда сатылып жатқан дәрі-дәрмек қатаң бақылауда», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министр дәрі-дәрмекті шекті бағадан асыра сатқандарға жаза барын, ондайларға әкімшілік айыппұл салынатынын ескертті.