Басты жаңалықтар

Коронавируспен ауырып комада жатқан ер адам адам танымастай өзгеріп оянды

Ер адамды отбасы мүшелері тұрмақ, ол өзін айнадан танымай қалған.

Лондонда коронавируспен  алты апта бойы ауырып, соңы комаға түскен ер адам есін жиған кезде өзге тұрмақ өзі қайран қалды. Ол ауруханаға  12 наурыз күні түскен. 43 жастағы Ким Вай Лида (Kim Wai Li) екі апта бойы жасанды тыныс алу аппаратына таңылған. Ауырмай тұрып Лидің бойы 1, 70 см, салмағы  95 келі болған. Үйге ол  63 келі салмақпен оралған. Отыз екі келіге арықтап кеткен ер адам бұрыңғы киімдерінің өзіне айтарлықтай кең болып қалғанын күле отырып айтты. Және өзінің түр келбеті жас жігітке ұқсап кеткеніне таң. Ер адамның әйелі мен екі баласы оны үйге оралған кезде танымай қалаған. "Отбасым тұрмақ, айнаға қарағанда өзімді өзім танымай қалдым. Коронавирусты жұқтыруыма семіздік яғни артық салмақ әсер еткен сияқты",- дейді ол Ли өзінің COVID-19 жұқтыруын сәттілік деп ойлауды ​​жөн көретінін және оны өмірдегі қайғылы сәт ретінде қабылдамайтынын айтты.