Қала әкімдігінің жанындағы бақылау тобының өкілдері Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында өтіп жатқан той үстінен түсті, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Енгізілген қосымша шектеулерге қарамастан, «Райский сад» мейрамханасында өткен тойға бақылаушылармен бірге телеарнаның түсірілім тобы да барған.
Видеодан тойға жиналған қонақтар мониторинг тобының қызметкерлерін көргенде бетперде кие бастағанын байқауға болады.