Шілде айында 42 500 қалай төленетіні, кімдер алатыны айтылды
Қазірге көмектің бұл түрі тек бір айға ғана төленетін болды
Асқар Мамин атаулы көмектің қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу бойынша шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдері бойынша ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам», - деді ол. Үкімет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырды. «Сондай-ақ карантин кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектігін 3 айға автоматты түрде ұзартуды тапсырамын», - деді Асқар Мамин.