Басты жаңалықтар
Қыркүйектен бастап студенттердің қалай білім алатынын министр түсіндірді
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2020
- 237
Колледждер мен жоғарғы білім беру орындарына қатысты бұл жолы талап әртүрлі
Санитарлық-эпедимиологиялық ахуал жақсарса, елді мекендерде орналасқан колледждер дәстүрлі форматта жұмыс істейді, студенттер сабаққа барады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында студенттердің қалай білім алатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Колледждер жаңа оқу жылын қашықтан бастайды. Ал дәстүрлі формат өндірістік оқыту мен кәсіби іс-тәжірибе кезінде болады. Оны жеке кесте бойынша, көбінесе, бірінші және соңғы курс студенттері үшін ұйымдастырады", - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.
Министр шалғай жатқан елді мекендерде жұмыс істейтін колледждерге де тоқталды. Егер санитарлық-эпедимиологиялық ахуал жақсарса, елді мекендерде орналасқан колледждерде дәстүрлі формат болады, студенттер сабаққа барады.
"Жоғары білім беру саласында оқыту шаралары қашықтан жүргізіледі. Ал дәстүрлі формат жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар үшін ұйымдастырылады. Мысалы, докторантура, өндірістік оқыту мен кәсіби іс-тәжірибе үшін жасалады. Сосын кейбір мамандықтар бойынша дәстүрлі форматты ұйымдастыруға болады", - деп түйіндеді Аймағамбетов.