Қашықтан оқитын студенттер үшін оқу ақысы арзандайды ма?:Министр жауап берді
Көпшілік онлайн оқыту кезінде жоғары оқу орындарының шығыны аз дегенді алға тартты
Министр халық арасында айтылып жүрген ұсыныстар мен болжамдарға жауап берді. Бұл жолы қарапайым халық жоғарғы оқу орындарына жасалатын төлем жайлы жиі сұрақ қойған болатын. Көптеген ата-аналар онлайн білім алу кезінде арнайы мекемелер мен жекеменшік университеттер пайданың астында қалды деп есептейді екен, деп жазды KYN.KZ. «Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Негізінде олай емес, мысалы оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, қашықтан оқу режиміне көшкенге дейін жоғары оқу орындарында қашықтан оқу жүйелері, технологиялары болмаған. «Сондықтан олар қазіргі уақытта арнайы шығынданып, арнайы жүйелерді сатып алып жатыр. Интернет күшін кеңейтуде. Біз берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл министрлік емес, әр университет өзі шешетін мәселе», - дейді ол.