Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қиын жағдайда қалған азаматтарға миллион теңге беріледі: талабы қандай

Қиын жағдайда қалған азаматтарға миллион теңге беріледі: талабы қандай
ашық дереккөз
Бұл қаржы барлық азаматтарға емес, алименттік өтемін өтей алмай қалған азаматтарға бағытталған
Бұл қаржы Қазақстанның барлық азаматтарына бірдей беріле бермейді. Тек еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты алимент төлей алмай отырған азаматтар өтініш тастай алады. Олардың денсаулығында немесе жұмысында туындаған мәселе, кедергі дәлелді болуы тиіс, деп жазды KYN.KZ. Алименттерді төлеу үшін арнайы құрылған қорда қажетті қаражат жиналған соң осындай мүмкіндік беріледі. Қазір қорға ақша жинау кезеңі жүріп жатыр
Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар алимент бойынша қарызын төлеу үшін бір миллион теңге мөлшерінде қаражат ала алады. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, ол үшін арнайы қор құрылды. Бюджет жеке сот орындаушыларының республикалық палата мүшелері жарнасы және ерікті түрде қайырымдылық жасау есебінен жиналады. "Қазір қордың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қаражат жинау кезеңі жүріп жатыр. Ақшаны бөлмес бұрын жинау керек. Бір реттік төлемдер бойынша шектеулер болады. Бір тұлғаға берілетін бір реттік төлем бір миллион теңге болады деп болжануда. Алайда нақты қанша қаражат берілетіні қорға ақша жинау кезеңі аяқталған соң белгілі болады", - деді әділет министрі. Министр қордың көмегіне кез келген адам жүгіне алмайтынын атап өтті. Қарыз беру туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайтын болады. Айта кетсек, алимент төлеуге арналған мамандандырылған қор құру туралы шешім 21 қарашада жеке сот орындаушыларының кезектен тыс съезінде қабылданды. Бұл қор қиын кезеңде тап болған, жұмысынан айырылған немесе ауырып қалған алимент төлеушілерге көмектеседі. Әділет министрлігі ұсынған механизмге сәйкес, алимент төлейтін қазақстандықтар қаржылық қиындықт кезінде қордан қаражат алатын болады. Кейін олар алған қаражатты қорға қайтаруға міндетті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар