Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Семейде ауылдықтар науқастар мен дәрігерлерге 1000 литр қымыз жеткізіп берді

Саржал ауылының халқы ұйымдасқан түрде қымыз жинап, қалаға өздері жеткізген

20.07.2020
0
Семейде ауылдықтар науқастар мен дәрігерлерге 1000 литр қымыз жеткізіп берді

Семейде қайырымдылық акциясы аясында Абай ауданы тұрғындары медицина қызметкерлері мен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға қымыз әкелді.

Осындай қиын кезеңде күн сайын қауіпті вируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері мен COVID-19 жұқтырған науқастарға Саржал ауылының тұрғындары қолдау көрсеткен. Орталық мешіт алдында волонтер-кәсіпкерлер жиналып акция бастады. Оған ауыл тұрғындары да қосылып, нәтижесінде 1000 литр қымыз жиналған.

«Ауылымыздың тұрғындары бірігіп, қымыз жинады. Акцияға шамамен 90 адам қатысқан. Барлығы мүмкіндігінше қымыз берген. Біреулер 10 литр қосса, кейбірі одан көбірек сусынын сыйға тартқан. Адамдар сырқаттанып жатқан қиын кезеңде біз оларға қолдау көрсетейік деп шештік. Өйткені қымыз адам ағзасына өте пайдалы және түрлі ауруды емдеуде қолданылады», дейді акцияға қатысушылардың бірі, кәсіпкер – Метхат Мусин.

Жиналған қымыз барлық қалалық ауруханаларға жіберіледі. Семей ауданының бас имамы Асқар Әбітайұлының айтуынша, қымыз міндетті түрде дәрігерлер мен науқастардың иммунитетін көтеруге көмектеседі. «Қазір елімізде «Өмірге үміт сыйла» — «Подари надежду на жизнь» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында ауруханаларға дәрі-дәрмек пен басқа да қажетті заттар жеткізілуде.

Қазір дәрігерлер мен инфекцияға шалдыққандардың иммунитетін көтеру үшін Саржал ауылының тұрғындары жинаған қымызды таратып жатырмыз. Қымыз – тұрғындардың полигон кезінде де аман қалуына көмектескен ерекше, тіпті қасиетті сусын деуге болады. Қымызды қалалық ауруханаларға тегін таратамыз. Осындай акциялар жалғасын табады деп сенеміз», — деп толықтырды имам.

 

Бөлісу4Твит3
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2087 бөлісу
    Бөлісу 835 Твит 522
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2113 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1194 бөлісу
    Бөлісу 478 Твит 299
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    860 бөлісу
    Бөлісу 344 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    812 бөлісу
    Бөлісу 325 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    756 бөлісу
    Бөлісу 302 Твит 189
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.