Жүктілік кезінде темекіге жерік болған келіншек шарасыз қалды
Жас ана: Күйеуім білсе таяқ жеймін
Алматылық келіншек соңғы баласына аяғы ауыр болған кезде темекіге жерік болған. Амалсыз күйеуінен жасырып темекі шегуді бастаған ол, елден көмек сұрады деп хабарлайды KYN.KZ Бүгінде үшінші баланың анасы атанып отырған келіншек шарасыз күйде отыр. Соңғы баласына аяғы ауырлаған кезде темекіге деген ерекше құмарлығы артқан. Бастапқыда тек иісін ұнатып, кейін шыдамай жаман әдетті серік еткен. «Жеріктік деген бәле екен ғой, ішімде балам бар болса да, темекі шеккен соң рахаттанып қалатынмын», - деп жазды. Қазір баласын бауырына алғанына алты ай болған. Дегенмен, зиянды әдеттен әлі күнге дейін арыла алмай жүр. «Алла шүкір баламды аман-есен, он екі мүшесін сау қылып тудым», - дейді. Бірақ темекіге әйестігі үшін ұялады. Бұл туралы келіншектің күйеуі де білмейді екен. «Темекіге тәуелділігімді жолдасым білмедйді, білсе таяқ жеймін», - деп жан айқайын жеткізді жас ана. Жаман әдеттен арыла алмаған келіншек желіде оқырмандардан көмек сұрады. «Айтыңыздаршы, қалай қоюға болады?», - деп сұрады. Келіншектің жазбасына желі қолданушылары түрлі аұыл-кеңестерімен бөлісіп жазды.