Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

5500 теңге кімдерге және қашан түсетіні айтылды

5500 теңге кімдерге  және қашан түсетіні айтылды
ашық дереккөз
Бір сөмке азыққа деп берілетін бұл ақшаны бес әлеуметтік топқа жататын адамдар алады
Бүгін министрлік өкілдері елді қызықтырған азықты кімдер алатынын түсіндіріп және  төлем қашан жүзеге асырылатынын нақтылай түсті, деп жазды KYN.KZ  Бұл ақшаны алатын кісілердің  банк картасына шілде айының соңына дейін жіберіледі екен.
Бір миллионнан астам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 2 АЕК (5556 теңге) мөлшерінде ақша аударылады. Еңбек министрлігі шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақша төлеуді көздейтін бұйрық әзірлеп, қабылдады. "Осы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін қазақстандықтардың банк картасына төлем жіберіледі", - делінген ведомствоның ресми сайтында. Азық-түлікке төленетін ақшаны 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде тізім жасайды. Содан кейін шілде айына төлем алушыларға 2 АЕК (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 5556 теңге мөлшерінде қаражат жіберіледі. 5 әлеуметтік топ:
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
  • мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;
  • жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл наурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлем 1 миллион адамға беріліп, жалпы сомасы 13,5 миллиард теңгені құрады.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар