Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жаңаарқалықтар 5 тонна қымызды ауруханаларға тегін таратып шықты

Тұрғын: Халыққа кішкентай болсын пайдамыз тиіп, қымыз дәрігерлер мен науқастарға ем болса екен деген ниетіміз бар

22.07.2020
0
Жаңаарқалықтар 5 тонна қымызды ауруханаларға тегін таратып шықты

Жаңарқа жұрты  Қарағанды облысына қарасты ауруханаларға арнап қымыз жинады. 5 тоннадан  асатын қымызды аудан тұрғындары ұйымдасқан түрде  таратып көпшіліктің алғысына бөленді, деп жазды KYN.KZ

«Бұл қазір ауырып қалғандар мен медициналық мекемелердің қызметкерлері үшін қолымыздан келетін ең аз көмек. Қымыз бен саумал дәрумендерге бай және пайдалы қасиеттерге ие. Олар емделушілерге де, дәрігерлерге де күш береді деп үміттенеміз», — дейді жаңаарқалық тұрғындар.

Жаңаарқалықтар 5 тонна қымызды ауруханаларға тегін таратып шықты

Өткен жұмада Ералиев ауылының тұрғындары Қарағандыға 1 тонна қымыз бен 200 кг құрт алып келді. Осыншама көлемде шипалы сусынды Ералиев тұрғындары бір күнде жинады! Бұл сүт өнімдері облыс орталығының төрт ауруханасына бөлінді. Аталмыш игі істі ауыл тұрғыны Ерлан Түсіпов ұйымдастырды. Ал жеке кәсіпкер Қайрат Өмірбеков қымызды Қарағандыға тегін жеткізді.

«Қазақ қымызы ежелден мыңдаған ауруға шипа болған. Біз науқастарға ауруды жеңуге және вируспен күндіз және түнде күресіп жатқан дәрігерлерге күш бергіміз келеді» — деп Ералиев ауылының тұрғындары қарағандылықтарға тілектерін білдірді.

Сондай-ақ, Жаңаарқа ауданының тұрғындары құрбандық шалу рәсімін өткізді. Мұқтаждарға ет таратылып, аудан ауруханаларына ыстық тағамдар таратылды.

Жалпы бір апта аралығында Жаңаарқа ауданының тұрғындары Қарағанды, Теміртау, Абай, Жезқазған, Сәтбаев, Нұра және Жаңаарқа аудандарының ауруханаларына 5 тоннадан астам қымыз, бір тоннаға жуық құрт, ірімшік, саумал жинап, жеткізді. Жаңаарқалықтар коронавируспен күресетін адамдарға жақсылық жасауды әрі қарай да жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Бөлісу8Твит5
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2208 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1247 бөлісу
    Бөлісу 499 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    1020 бөлісу
    Бөлісу 408 Твит 255
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1790 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 448
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    907 бөлісу
    Бөлісу 363 Твит 227
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    893 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    734 бөлісу
    Бөлісу 294 Твит 184
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    722 бөлісу
    Бөлісу 289 Твит 181
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.