Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда күзде вирус күшейгенде халық емделетін орындар дайындалып жатыр

Алматыда күзде вирус күшейгенде халық емделетін орындар дайындалып жатыр
ашық дереккөз
Дәрігерлер күн суыта пневмония мен коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсуі мүмкін екенін айтып жатыр
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыда күзге дейін таза әрі науқастар мен дәрігерлерге ыңғайлы  7 700 адамға жасақталған емдеу орны дайындалып жатқанын хабарлады, деп жазды KYN.KZ. Бұл күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін қосымша төсек-орындарға қажеттілік өскен жағдайда алдын-ала жасалады. Белгілі болғандай, пандемияны тоқтатудың ең тиімді екі жолы бар – бұл қолданыстағы шектеу шаралары және төсек-орын санын арттыру. Пандемия басталғалы бері инфекциялық стационарлардың саны 2-ден 26-ға дейін (500 төсек-орыннан 6 096 дейін) өсті. Күзде COVID-19 симптомдары бар 7 700 пациентке стационарлық емдеуді бір мезгілде қамтамасыз ету жоспарланып отыр. «Алдағы күндері жаңа COVID-19 стационарлары ашылады. Оларды алдын-ала санитарлық-эпидемиологиялық аудиттен өткен, денсаулық сақтау объектілерінің базасында ашамыз. Қазіргі уақытта жауапты мамандар құрылыс жұмысын жүргізіп жатыр. Олардың ішінде 250 орынға шақталған «Қазақстан», 376 орындық «Көктем», 140 орындық «Самал» пансионаты, 230 орындық «Астана» қонақ үйі, 360 орындық ҚазАТК жатақханасы, 100 орындық ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь, 500 орынға шақталған Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Бұл жаңа стационарлар жұмыс істеп тұрған нысандарға қосымша тамыз айының соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосылатын болады», - деді Б.Сағынтаев. Сонымен қатар әкімдік ана мен баланың денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Барлық әйел-ананың бүгінгідей пандемия кезеңінде қауіпсіз жағдайда босануы, босанғанға дейін және босанғаннан кейін де үздіксіз күтімде болуы аса маңызды. Қалада 45 төсек-орынды №4 перзентхана жұмыс істейді. Жақын арада осы перзентхананың 60 төсек-орынға арналған жаңа корпусы іске қосылады. Сонда мұндағы жалпы орын саны 105-ке жетеді. Пациенттерді шұғыл орналастыру үшін уақытша стационарлар болу мүмкіндігі бар деген объектілерге күнделікті мониторинг жүргізіледі. «Бүгінгі таңда біз бұған дейін ешқашан жасалмаған шараларды қолға алдық. Шұғыл әрі өте қысқа мерзімде ауқымды жаңа стационарлар ашып, оларды қажетті барлық техникамен жабдықтаудамыз. Ғимараттардың бөлмелерін қайта жоспарлап, шлюздер мен оқшауланған бокстар құрылуда. Барлық деңгейдегі медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізудеміз», - деді қала әкімі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар