Басты жаңалықтар
Қостанайдағы адам өлімі: жігіт әйелін тоғыз жерден пышақтаған
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2018
- 453
Ол әйелін өлтірген соң өз-өзіне қол жұмсаған
Бүгін Қостанайдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде күйеуі әйелін пышақтап, кейіннен өзі сегізінші қабаттан секіріп кеткен болатын. Оқиғаға қатысты тергеуші Жансерік Хасанов мәлімдеме жасады деп KYN.KZ Alau.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Анықтауымызша оқу орнынан 35 жастағы әйел адам мен 36 жастағы ер адамның денесі табылды. Келіншектің жолдасы қылмыс болған жерге өзі келген.
«Ұрыс барысында жігіт келіншегіне бірнеше рет пышақ сұққан, нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. Осыдан кейін қылмыскер сегізінші қабаттан секіріп, өмірін өз-өзіне қол жұмсаумен аяқтаған», - деді Қостанай қаласының ІІД полицей қызметкері Жансерік Хасанов.
Айта кетейік жұбайлардың артында екі бала қалды. Балалардың тағдырымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.