Басты жаңалықтар
Басқа аймақтан келген: Шорнақ маңынан қақтығысқа қатысы бар 80-нен аса адам ұсталды
- автор kyn.kz
- 24 шілде, 2020
- 246
Қазақстанның өзге аймағынан келген жігіттер әлеуметтік желідегі үндеулер бойынша жиналыпты
Түркістан облысына қарасты Шорнақ ауылының маңынан қақтығысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 80-нен астам жас жігіт ұсталды. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасына жазды.
Олар мессенджер мен әлеуметтік желілерде тараған жалған үндеулерге еріп келген. Өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түні бойы елді мекенді аралап шыққанын айтты.
"Өткен түні құқық қорғау органдары Шорнақ ауылының маңынан басқа аудандар мен өңірлерден келген 80-нен астам жас жігітті ұстады. Олар әлеуметтік желілерде тараған жалған үндеулерге еріп келген", - деп жазды Қалқаманов фейсбукте. Айтуынша, ол Кентау әкімімен бірге түні бойы елді мекенді аралап шыққан. Тұрғындар үйлерінде тыныш ұйықтап жатты, деп толықтырды әкім орынбасары.