Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматы қаласына жеткізетін барлық кіреберіске бекет қойылатын болды

Қала аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үйлерде мал сатуға тыйым салынады

27.07.2020
0
Алматы қаласына жеткізетін барлық кіреберіске бекет қойылатын болды

Құрбан айт қарсаңында қала аумағына жануарларды алып келуді болдырмау үшін Алматы қаласының кіреберістерінде бекеттер ұйымдастырылады.

Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігерінің 24 шілдеде қабылданған қаулысында айтылды.

«Бұрынғыдай блок бекеттер қойылмайды, бірақ қалаға кіретін көліктер тексеріледі», — деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 31 шілде – 2 тамыз аралығында Алматы қаласындағы мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысы тоқтайды. Сонымен қатар қала аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үйлерде мал сатуға тыйым салынады.

«Алматыдағы барлық ұйымдар, соның ішінде жеке үйлерде адам көп жиналатын шара өткізуге болмайды», — деді қаланың бас санитар дәрігері.

2020 жылы Құрбан айт 31 шілде-2 тамыз аралығына түсіп отыр. Пандемия кезінде құрбандық шалуға онлайн режимде Qurban2020.kz сайты арқылы өтінім беруге болады.

«Сайт арқылы құрбандық шалуға тапсырыс беру және мұқтаж жандардың ет алуға өтініш қалдыруы 24-30 шілде аралығында жүргізіледі. Биыл пандемияға және карантин талаптарына байланысты онлайн құрбандық шалуға тапсырыс бергендердің отбасы үлесі берілмейді, құрбандық еттері толығымен мұқтаждарға үлестіріледі», — деді Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.

Айта кетейік, карантин талаптарын сақтау мақсатында Құрбан айт намазы мешіттерде оқылмайды. Оның орнына әркім өз үйінде 2 ракат нәпіл намазын оқыса болады.

Бөлісу16Твит10
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3847 бөлісу
    Бөлісу 1539 Твит 962
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1681 бөлісу
    Бөлісу 672 Твит 420
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1109 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 277
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.