Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

3 тамыздан бастап жұмысын бастайтын орталықтар тізімі шықты

28.07.2020
0
3 тамыздан бастап жұмысын бастайтын орталықтар тізімі шықты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмыс бастауына рұқсат берілетінін атады.

«Жалпы COVID-19 ауруын жұқтыру мен одан келетін өлім-жітім жағдайының ары қарай тұрақталуы – экономиканың барлық секторын тартып, үйлесе жұмыс жүргізуге байланысты болмақ. Атап айтқанда тұрақтандыру бағытындағы қабылданған шаралардың нәтижесінің 30 пайызы ғана – медициналық көмек пен эпидемиологиялық шараларға байланысты.

Ал қалған 70 пайызы жаппай маска кию режимі мен гигиенаға (30 пайызы), сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтауға (40 пайызы) байланысты», — деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Осылайша министр карантин аяқталғаннан кейін, яғни 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмыс бастауына рұқсат берілетінін айтып өтті.

Ол үшін төмендегі нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, маска кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптары орындалуы керек. Бұл нысандар жұмысын бастау үшін апта ішінде инфекцияның таралу деңгейі тұрақталып, төсек орындар 70 пайызға босауы тиіс. «Атап айтқанда осындай шарттар орындалған жағдайда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, уақыты мен күні шектеулі тәртіпте сауда желілері, жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады.

Сондай-ақ, балалардың коррекция кабинеті, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек) жұмыс бастайды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне де кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат. Сән-салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюрлар мен педикюрлар (алдын ала жазылу бойынша) да ашылады», — деді ол.

Алексей Цойдың айтуынша мемлекеттік қызметшілер мен кеңсе қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібі сақталуы тиіс.

Бөлісу32Твит20
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2692 бөлісу
    Бөлісу 1077 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1410 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 353
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.