Жігітінің аз ғана өмірі қалғанын білген бойжеткен не істерін білмей отыр
Оның жігіті рак ауруымен ауырады
Алматылық бойжеткен осыдан үш ай бұрын желі арқылы танысқан жігітінің рак ауруымен ауыратынын біліп, шарасыз күйде отыр. Бұл туралы бойжеткен желіде жазған болатын деп хабарлайды KYN.KZ 17 жасар бойжеткен осыдан бірнеше ай бұрын жігітімен желіде танысып, көңіл жарастырған. Айтуынша, алғашында барлығы жақсы болғанымен, кейін сүйіктісі өзінің жаман аурумен ауыратын айтып, аз ғана өмірі қалғанын ескерткен. «Мен оны қатты жақсы көремін. Неге екенін білмеймін ол хабарласқан сайын дірілдеп кетемін. Қасиетті Рамазан айында күнде соның жазылып кетуін тіледім», - деп ару сезімін ашық білдірді. Жігітке жақында операция жасалған. «Ота сәтті өтті», - деп өзі айтқанымен, сол күннен бастап қыздан алшақтай бастаған. «Сол күннен бастап менімен дұрыстап сөйлеспейді, не істерімді білмеймін. Қатты уайымдаймын. Мүмкін аз ғана өмірі қалған», - деп жазды. Амалы таусылған бойжеткен желіде оқырмандардан көмек сұрады. Желі қолданушыларының көпшілігі «жігіттен бас тарт», - десе, кейбіреулері «қалған өмірінде қасында бол», - деп жазды.