Басты жаңалықтар

Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықтың үшінші әйелін еш кінәсіз деп мақтады

Әнші: Күйеуім мені ақсаусақ деп ойлап жүреберсін

Әнші Алтынай Жорабаева бүгінде әлеуметтік желі арқылы халыққа түрлі сыйлықтар тарататынын айтып, оқырман жинауға бар күшін салуда. Тіпті актриса болып, күйеуімен кішігірім клип түсіріп жүр. Атының ел аузынан түспегенін қаласа керек  әнші түрлі интрига жасап желіде оқырмандарды қызықтырып қоятын жазбалар қалдырады, деп жазды KYN.KZ. " Алдыңғы жазбамда жолдасымның шашы өсіп кеткенін талқылапсыздар. Просто салондар жабық тая. Менің шаш қиятын да өнерім бар негізі. Оны білмесін, әйтпесе маған ғана қиғызатын болады. Ал мен шаршаймын. (Мені ақсаусақ деп ойлап жүреберсін. Менің еркектің де әйелдің де жұмысын істейтінімді білсе шошып кетер",- дейді әнші. Осы жазбаның астына оқырмандар көптеген жазба қалдырған. Бірі бақыт тілесе бірі Алтынай Жорабаеваның өткен өмірі жайлы жазған. Оқырмандардың бірі Сәбит Әбдіхалықтың үшінші әйелі актриса Динара Абдуллинаны отбасының шайқалуына себепкер болды деп атаған. Бірақ әнші Динараның еш кінәсі жоғын жазды.  width=