Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түн ортасында көп балалы отбасы тұратын үй өртеніп, үш бала мерт болды

Түн ортасында көп балалы отбасы тұратын үй өртеніп, үш бала мерт болды
ашық дереккөз
Отағасы әйелі мен екі баласын жалғыз өзі әрең құтқарып үлгерген
Бүгін таңғы сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданы Хрящевка ауылында жеке тұрғын үйде 100 шаршы метр алаңда өрт болды, деп хабарлайды KYN.KZ. облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Үйде 1979 және 1981 жылғы ата-ана мен олардың 2004, 2005, 2007, 2008 жылы туған ұлдары мен 2012 жылы туған қызынан, жеті адамнан, тұратын көпбалалы отбасы тұрған. Атбасардағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру станциясына дейінгі қашықтық 25 шақырым. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, отағасы 2004 және 2012 жылы туылған екі баланы және оның әйелін аман құтқарып қалған», - деп атап өтті баспасөз қызметі. ТЖД мәліметі бойынша өрт салдарынан үйдің төбе жабындысы құлаған. «Сағат 06: 40-та өрт ауыздықталып, сағат 08:25-те сөндірілді. Өрт шыққан орыннан үш баланың денесі табылды», - деп хабарлады ТЖД. Өртті сөндіруге ТЖД-ның12 қызметкері мен 2 техникасы, ерікті өрт сөндіру құралымдары -3 техника және үш адам жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының кезекшісі жұмыс істейді. «Отағасының айтуынша, таңертеңгі сағат бес шамасында ұлы оны оятып, веранда өртеніп жатқанын айтқан. Ер адам үйдің терезесін сындырып, әйелі мен екі баласын шығарып алған. Өрт тез тараған, өйткені үй тез тұтанатын материалдардан салынған. Үш баланы құтқару мүмкін болмады. Өрттің себебі анықталуда, Көкшетау қаласынан өрт сынамасы зертханасына жіберілді», - деді Ақмола ТЖД басшысының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар