Әміржан Қосанов осы жолғы Құрбан айтты елдегі жағдайға сай атап өтуді ұсынды
Саясаткер:Халқымыз бұрын бұлай қиналып көрген жоқ, теңге емес тиын санап қалды.
Саясаткер әлі қоғам белсендісі Әміржан Қосанов биылғы яғни 2020 жылғы Құрбан айтты бұрынғыдан өзгешелеу, елдегі жағдайға сай икемдеп өткізуді ұсынды, деп жазды KYN.KZ. "Бұл ерекше Құрбан айт болғалы тұр. COVID-19-дың қиындығына, елдің қиналысына дәлме-дәл келіп тұр. Қазір қаншама ағайын жұмыссыз, табыссыз қалып, ертеңгі күні не боларын білмей жүр. Жұрт теңге емес, тиын санап қалды!