Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

3 тамыздан бастап Қазақстанда карантин күшейтілетін болды

Нақты қай қалада қандай тәртіп қолданылатыны айтылды

02.08.2020
0
3 тамыздан бастап Қазақстанда карантин күшейтілетін болды

Қазақстанда тамыздың үшінен бастап вируспен күресу мақсатында карантин шаралары қатаңдатылатын болды, деп жазды KYN.KZ

Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов өңірде қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды. 3 тамыздан бастап тағы  да саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, халықтың өзге де демалыс орындарына баруға тыйым салынады…

Қатаң шектеу шаралары 3 тамыз үні сағат 00:00 бастап күшіне енеді. Маңғыстауда 3 тамыздан бастап жаңа карантин талаптары күшіне енеді. Қаулыға сәйкес, аймақта 3 тамыз сағат 00.00-ден бастап 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

Қаулыға сәйкес, ​қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтап, барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.) өткізуге тыйым салынады.

3 тамыздан бастап Алматыда түнгі 00:00 ден бастап COVID-19 таралуының алдын алу үшін қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Сонымен қатар, қалада үй карантинін сақтамағандарға айыппұл салынатын болды. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері 2020 жылдың 3 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

Қалада косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін СПА-орталықтар, тренажер залы, фитнес-орталықтар, спорт-сауықтыру орталықтары, бассейндер, аквапарктер, жағажайлар, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары мен шаштараздар, орталықтар мен салондар уақытша істемейді.

Сонымен қатар, аттракциондардың барлық түрі, оның ішінде ашық ауада, тұрғын үйлердің ауласында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңдарының жұмысына тыйым салынды. Қала саябақтарында, жағалауда, скверлерде балалар мен ересектерге арналған құралдар (электромобиль, құлайтын автомобиль, самокат, гироскутер) жалға берілмейді.

Еске салсақ, Қазақстанда шілде айының ортасында екі аптаға созылатын карантин енгізілген болатын. 29 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған еді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия Президент тапсырмаларын ерекше бақылауға алды.

Екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда, бұрынғы соманың жартысы, яғни 42 500 теңгенің жартысы – 21 250 теңгеден беріледі. Бұл қаржыны қазақстандықтар автоматты түрде алады.

Бөлісу30Твит19
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2081 бөлісу
    Бөлісу 832 Твит 520
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2112 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    809 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    750 бөлісу
    Бөлісу 300 Твит 188
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.