Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ата-енесімен тұрғысы келмеді: Аша мен Арман жарты жылдан бері бөлек тұрады

Ата-енесімен тұрғысы келмеді: Аша мен Арман жарты жылдан бері бөлек тұрады
ашық дереккөз
Әнші Арман Қоңыр мен Аша Матайдың ажырасып кеткені жайлы ақпарат тарады
Желіде танымал Аша Матай  мен Арман Қоңырдың отбасы жайлы халық түрлі әңгіме тарата бастады. Оған себеп бар. Соңғы кездері елдің көзіне бірге көрінбей кеткен қос әншінің расында бөлек тұрып жатқанын тыңдармандары Инстаграм парақшаларына қарап біліп қойған, деп жазды KYN.KZ. Аша Матай екінші қызын дүниеге алып келген кезде көпшілік "Баланы не үшін нағашыларының үйінде қырқынан шығардыңыз?" деп  әншіні сұрақтың астына алған еді. Содан бері Аша мен Арманның бірге түскен суреттері желіде мүлде жоқ. Тіпті бір-бірінің жазбасына комментария қалдырып, лайқ та баспайтын болған. Мұны байқаған көрермен "неге бірге емессіздер?" деген сұраққа ешқандай жауап ала алмай келедіү KYN.KZ cайтының желідегі парақшасына хат жазып, өзінің есімін құпия қалдыруды сұраған оқырман екі жастың ажырасып кеткенін айтады. "Аша мен Арманның ажырасып кеткеніне жарты жыл болды. Олар бөлек тұрып жатыр. Аша Матай ата-енесімен тұрғысы келмеген. Содан екі жастың арасында, құдалар арасында аздап түсініспеушілік бар. Мүмкін алдағы уақытта қайта қосыла жатар. Бірақ қазірге екеуі екі жақта",-деп жазған Аша мен Арманның есімін айтқысы келмейтін танысы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар