Германияда 500-ге жуық адамды өлтірген дәрігердің қылығы елді шошытты
Ол адамдарға өлімге апаратын дәрілер ішкізген
Германияның Гемпшер қаласында қылмыскер-дәрігер емін-еркін өмір сүріп жатыр. Ал оның қолынан өлген адамдардың саны 500-ге жеткен деп хабарлайды KYN.KZ Полиция оның тұрақты мекен-жайын біледі, бірақ әлі күнге дейін қолға түсіре алмады. Барлық оқиға осыдан 20 жыл бұрын болған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Біз прокуратураға арыз жазып қойдық. Тергеушілерге істі толығымен анықтап қарауға тура келеді. Менің ойымша қалған отбасылар да оның атына шағым түсіреді», - деп айтты туысқанынан айырылған Джи Маккензи. Оның айтуынша дәрігер ауруларға өлімге апаратын дәрі-дәрмектер жазып берген. «Мен әкеммен өлер алдында сөйлеске болатынмын. Ол өзін жақсы сезінетінін айтқан болатын. Тіпті дәрігердің оған жазып берген дәрілеріне таң қалды. Әкемнің өлімінен соң ауруханада тергеу жұмыстары жүргізілді, бірақ оның нәтижесі ешкімді алаідатқан жоқ», - дейді әкесі ауруханада жатып қайтыс болған Бриджит Рифс. Айта кетейік, қылмыс үшін Британияның қазіргі денсаулық сақтау министрі де жауап беруі мүмкін.