Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ливандағы жарылыс: Қазақстанның дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді

Ливандағы жарылыс: Қазақстанның дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді
ашық дереккөз
Жарылыс кезінде 70 адам көз жұмып 400 адам жарақат алған
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. «Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынды», делінген хабарламада. Жергілікті биліктің алдын ала ақпараты бойынша теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келген. «Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды. Біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексерілуде», деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен. Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz Ливан астанасы Бейруттегі кемежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. Ақпарат көздері 70 адам көз жұмғанын хабарлайды. Тағы 400 адам жарақат алған. Жарылыс салдарынан бірнеше шақырым жердегі ғимараттарға, халықаралық әуежайға нұқсан келді. Ливандағы Қазақстан Елшілігі де зақымданған. Қазақстанның осы мемлекеттегі консулы Спабек Бағланның хабарлауынша, дипмиссия қызметкерлері жапа шеккен жоқ. Тек консулымыз аздаған жарақат алған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әйбек Смадияровтың айтуынша, жарылыс кезінде жапа шеккендер арасында басқа да қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр. Ал Ливан Премьер-министрі 5 тамызды аза тұту күні деп жариялады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар