Министрлік тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді
Шымкентті шыр айнала ұшып жүрген әскери тікұшақтар жергілікті тұрғындарды алаңдатты, Қазақстанның қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді
Шымкент тұрғындары әуеде ұшып жүрген әскери тікұшақтарды талқылап жатыр. Арасында бұл тікұшақтардың қала шекарасы бойымен не мақсатпен айналып жүргеніне болжам жасағандар да бар. Ал қорғаныс министрлігі бұдан еш қорқудың қажеті жоқ екенін, мұның тек жоспарлы ұшу екенін мәлімдеді. "Бұл жоспарлы түрде өткізілетін ұшу жаттығулары. Олар өткен түнде қараңғы түскен уақытта өтті. Қазір күндізгі тапсырмалар пысықталып жатыр. Дүрбелеңге салынуға ешқандай себеп жоқ", - деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс ведомствосы.