Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Министрлік тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді

Шымкентті шыр айнала ұшып жүрген әскери тікұшақтар жергілікті тұрғындарды алаңдатты, Қазақстанның қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді

05.08.2020
0
Министрлік тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді

Шымкент тұрғындары әуеде ұшып жүрген әскери тікұшақтарды талқылап жатыр. Арасында бұл тікұшақтардың қала шекарасы бойымен не мақсатпен айналып жүргеніне болжам жасағандар да бар. Ал қорғаныс министрлігі бұдан еш қорқудың қажеті жоқ екенін, мұның тек жоспарлы ұшу екенін мәлімдеді.

«Бұл жоспарлы түрде өткізілетін ұшу жаттығулары. Олар өткен түнде қараңғы түскен уақытта өтті. Қазір күндізгі тапсырмалар пысықталып жатыр. Дүрбелеңге салынуға ешқандай себеп жоқ», — деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс ведомствосы.

Бұған дейін Алматы және Жамбыл облыстарында әскери бөлімдерде кенеттен тексеру жүргізілгені хабарланған болатын.

Қапшағай мен Алматыдағы десанттық-шабуыл бригадалары мен Отардағы артиллериялық және танк бригадаларының жауынгерлік әзірлігін тексеру үшін дабыл соғылды. Оған жеке құрамнан басқа 200-ден астам танк, жаяу әскердің жауынгерлік машинасы және брондалған әскери көлік, онға жуық ұшақ, тікұшақ және ұшқышсыз ұшу аппараты, үш зениттік-зымырандық дивизион, оннан астам радиолокациялық бөлімше қатысты.

Бұл қоғамда тараған алғашқы қауесет емес

Шілденің басында әлеуметтік желіде авиацияның көмегімен елді мекендердің үстінен биохимиялық дәрі шашылып жатқаны туралы хабарлама тарай бастады.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны  елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті деп бағалады.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев жалған хабарламаларға қатысты түсініктеме бере отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы хабарлады.

Бөлісу14Твит9
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2208 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1247 бөлісу
    Бөлісу 499 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    1012 бөлісу
    Бөлісу 405 Твит 253
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1790 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 448
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    906 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 227
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    893 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    734 бөлісу
    Бөлісу 294 Твит 184
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    718 бөлісу
    Бөлісу 287 Твит 180
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.