Коронавирустың екінші толқыны: 24 миллиард теңгеге дәрі сатып алынбақ
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Асқар Мамин COVID-19-дан емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.