Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалардан Кавасаки белгілері анықталды

Синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді

09.08.2020
0
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалардан Кавасаки белгілері анықталды

Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасында жатқан 5 және 15 жастағы баладан Кавасаки ауруына ұқсас белгілер анықталды, деп хабарлайды «Диапазон» Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Облыстық балалар ауруханасында жатқан екі балада мультисистемалық қабыну синдромы расталды. 5 және 15 жастағы балалар ауыр жағдайда қабылданған болатын. Қазір олар палатаға ауыстырылды, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даняров.

Оның айтуынша, 5 балада Кавасаки синдромы болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен. Бұл диагноз үшеуінде расталмады.

«Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі», — деп түсіндірді жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман Мейрамбек Құрмангазин.

Сондай-ақ, ол COVID-19 індетінің алғашқы белгілері сезіле бастағанда-ақ дәрігер кеңесіне жүгіну керектігін айтады.

Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зардап шегеді.

Ал осыған ұқсас жағдайлар алғаш рет мамыр айында Еуропа елдерінде тіркелді. Неміс бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда Deutsche Welle басылымы ол туралы жазды.

Бөлісу39Твит24
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2073 бөлісу
    Бөлісу 829 Твит 518
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2110 бөлісу
    Бөлісу 844 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1778 бөлісу
    Бөлісу 711 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1185 бөлісу
    Бөлісу 474 Твит 296
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1173 бөлісу
    Бөлісу 469 Твит 293
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    855 бөлісу
    Бөлісу 342 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    807 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    742 бөлісу
    Бөлісу 297 Твит 186
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.