Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Карантин шектеулері кезең-кезеңімен қалай жеңілдейтіні нақтыланды

Алексей Цой түріктердің тәжірибесін қолданамыз деп отыр

11.08.2020
0
Карантин шектеулері кезең-кезеңімен қалай жеңілдейтіні нақтыланды

Карантин тәртібі кезең-кезеңімен жеңілдетілмек! Шектеулерді біртіндеп босаңсыту жөнінде бүгін үкімет басшысы тапсырма берді. Бұған эпидахуалдың біршама жақсаруы себеп.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығында вирустың жұғу көрсеткіші бір пайыздан төмен. Яғни, карантиннің бес аптасында вирустың репродуктивтігі 1,15-тен 0,82-ге дейін түсті дейді Алексей Цой.

Ал карантинді жеңілдетуге қатысты нақты шара осы бейсенбідегі мемлекеттік комиссия отырысында пысықталады. Наурыз айынан бері елімізде 100 164 адам вирус жұқтырса, 73 702 науқас кеселден айығып шыққан.

Өкініштісі, тұтқиылдан тиген аты жаман дерт 1269 қазақстандықтың өмірін жалмаған. Қазір тәуліктік өсімге көз жүгіртсек, ең көп вирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласында — 156 адам. Ал бір тәулікте бес адам науқастанған Ақтөбе дерттің өсімі бойынша тізімнің соңында тұр. Бес апталық шектеудің эпидахуалдың тұрақтануына әсер еткенін алға тартқан Асқар Мәмин Денсаулық сақтау министріне тапсырма берді.

«Бұл ретте ауруханалардың жүктемесі 61 және жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеді. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын»,- деді  ҚР Премьер-министрі Асқар Мәмин.

Карантин енгізудің тиімді қадам болғанын Алесей Цой нақты деректерімен дәлелдеуге тырысты. Мәселен, шектеу енгізудің арқасында вирустың жұғу көрсеткіші 1,15-тен 0,82 ге дейін азайған. COVID-тің бұл репродуктивтік көрсеткіші тек Түркістан облысында ғана 1-ден жоғары екен. Карантин шектеулері жұмсара түскен күннің өзінде, санитарлық талаптар бақылаусыз қалмайды.

«Карантинді кезеңімен жұмсарту барысында бетперде тағу мен гигиена талаптары қатаң сақталуы тиіс. Барлық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды құлақтандыру жұмысы да бәсеңдемейді. Ал шектеулердің алынып тасталуы қалай жүзеге асатыны мемлекеттік комиссия отырысында бекітіледі»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Соңғы тәулікте елде 722 тұрғын вирус жұқтырып, 22 науқас көз жұмыпты. Ал коронавирустық пневмонияға Қазақстанда бір тәулікте 57 адам шалдықса, осы дерттен 9 тұрғынның дәм-тұзы таусылған.

Алексей Цой covid-пен күресте және карантиннен шығуда шетелдік әріптестерінің үніне құлақ түрді. Сол үшін Түркияға сапарлап қайтқан министр енді түрік тәжірибесін елімізде жүзеге асырмақ ойда. Ол қаншалықты оңтайлы болатынын уақыт көрсетеді.

Бөлісу16Твит10
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.