ҰБТ-да екі бірдей түлек есінен танып құлады
Олардың бірі жедел түрде ауруханаға жеткізілген
20 маусым күні өткен ҰБТ-да денсаулығы сыр беріп, есінен танып қалғандар да кездесті деп KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Реклама 09Бірі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы түлек. Ол сәлден соң жағдайы түзеліп, тестін қайта жалғастырыпты. Ал екіншісі Алматыда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оған енді екінші қайтара тапсыруға мүмкіндік берілді. Жалпы, бірінші күннің қорытындысы бойынша 14 мың түлек сынақтан өткен. Ең жоғарғы балл - 137. Ал 2100 талапкер ең төменгі 50 балдық межеден аса алмады. Олар енді тамыз айында екінші қайтара тапсыра алады. Одан да өте алмаса, үшінші мүмкіндік бар. Былтыр 30 мыңға жуық талапкер осылай қайта тапсырып, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алыпты. Әзірге біреудің орнына біреу кіріп тест тапсырған дерек тіркелген жоқ. Әйтсе де ҰБТ-ның бірінші күні қызықты жәйттардан кенде болмады. Астанада бір талапкер қуыс-қолтығына 10 ұялы телефон тығып алған. Бірақ, онысы ішке кірерде әшкере болыпты.