Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ауру қызын құтқару үшін есірткі сатып, он бес жылға сотталған әйел жан сырымен бөлісті

Ауру қызын құтқару үшін есірткі сатып, он бес жылға сотталған әйел жан сырымен бөлісті
ашық дереккөз
Бота 40 гр есірті үшін сотталған
Бота Алматы облысы Жауғаштыға қарасты түрмеде жазасын өтеушілердің бірі. Ол осыдан бес жыл бұрын есірткі сақтағаны үшін он бес жылға сотталған. Екі баланың анасы болашаққа деген үміті мен жан сырымен бөлісті деп KYN.KZ Comode.kz сайтына слтеме жасай отырып хабарлайды. 31 жастағы Бота Оңтүстік Қазақстан обылысы Сарыағаш ауданының тумасы. «Мен түрмеге отырмас бұрын күйеуім екеуміздің бір қызымыз болды. Оның аты Сезім. Ол өте әлсіз болып туылды, сондықтан оны емдеу үшін Шымкент, Алматы, Астананың белгілі дәрігерлеріне бардық.Оған психикалық дамудың әлсіздігі деген диагноз қойылды», - дейді. Шарасы қалмаған ана қызын шетелге апарып емдетуге бел байлайды. Алайда қарапайым жұмысшы болып жүрген жұбайларда ақша тапшы болады. Нәтижесінде Бота 40 гр есірткі тасымалдауға келісім береді. Алайда Бота өылмыс барысында қолға түседі. «Мені тіпті видеоға түсірді. Менің қылмысым туралы туысқандарым теледидар арқылы көріп, таң қалған», - дейді. Ал күйеуі болса Ботаға ашуланып, бір жыл бойы келмеген. «Мені жұбайым тастап кетті, керісінше енем қолдады. Ол келіп тұрды», - дейді.  width= Бота екінші қызы Әминаны түрмеде босанған. Абақты заңы бойынша үш жасына дейін қасында болып, кейін енесі мен күйеуі Әминаны да алып кеткен. Жазасын өтеуші ананың айтуынша жары оны кешірген, екі қызымен бірге Ботаның түрмеден шығу сәтін асыға күтіп жүр. Бота түрмеде түрлі іс-шараларды ұйымдастырушы болып жұмыс жасайды. Тіпті айына 15 мың теңге жалақы алады. Болашақта бостандыққа шыққан соң той ұйымдастыру орталығын ашуды армандайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар