Сарапшылар Беларусьтегі жағдай Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Лукашенконың жеңісін мойындамайтын халық он күннен бері көшеде митинг өткізіп жатыр
Посткеңестік елдегі жағдай одан әрі шиеленісіп, халықаралық дау-дамайға ұласып кетуі ғажап емес. Беларусь үшін Қазақстан стратегиялық әрі сауда серіктесі, екі мемлекет те ЕАЭО-ға мүше. Осы орайда Беларусьтегі митингілер Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық жағдайына қалай әсер етеді деген орынды сауал туындайды. Sputnik Қазақстан тілшісі сарапшылардың осыған қатысты пікірін сұрап білді.