Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Cерік Сәпиев декреттік демалысқа шықты

Cерік Сәпиев декреттік демалысқа шықты
ашық дереккөз
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды  KYN.KZ  сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Спорт комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, С.Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықты, ал оның ұсталғаны туралы алып-қашпа әңгімелер - жалған. «Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді», - деді комитеттің баспасөз қызметінен. Бұл ретте, әлеуметтік желіде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Ақтаудағы «Rixos Water World Aktau» қонақүйі қонақтарын өзінің шеберлік сабағына шақырған видеосы тарады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар