Айгүл Орынбек: Тазабеков пен Тілеуханның адамдары маған қастандық жасап жатыр
Құқық қорғаушы елдегі діншіл топ мүшелері ізіне түсіп, қандай алаяқтық жасап жатқанын түсіндіріп берді
Танымал құқық қорғаушы Айгүл Орнынбек бірнеше күннен бері желіде өзін қаралайтын видеоның тарап кеткенін айтты. Сөзінше қаскөйлер қарапайым халықты Айгүл Орынбекке қарсы қойғысы келеді, деп жазды KYN.KZ "Ақпараттық соғыс басталыпты мен жаққа қарай! Тек мен жаққа емес, Мұхамеджан мен Бекболат ағалар жайлы жазатындардың бәріне! Ескерту!!! Бекболат пен Мұхамеджан ағалар жайлы жазатындарды бір ортақ чатқа, біздің атымыздан жазып монтаждап, суретке түсіріп таратып жатқан көрінеді! Менің тарапымнан көп аналар тарапына ауыр сөздер жазып қойыпты! Көп балалы аналарды маған қарсы қоймақшы болған деп ойлаймын! Менің лексиконымда жоқ “нәйіс” деген сөзді қолданған! Ол сөздің не мағына беретінін бүгін сұрап білдім! Ватсапта смайликтерді әр сөз сайын қолдана бермеймін! Оған бір грамм уақыт жоқ смайликтермен көркем деп отыратын! Сол себепті оқырмандарымнан сұрарым, егер Айгүл Орынбек көп балалы аналар жайлы былай депті деген мақала шыққан жағдайда сенбеңіздер! Бізде Серік Абас-шах және Расул (бұл кісіні де танымадым), тағы белгісіз нөмірлер бар, ешқашан ортақ чат ашылмаған! Оны құзырлы органдар арқылы тексерсе де болады! Серік ағаны танимын, жақын арласпаймын!Әрқайсымыздың қоғамда өз орнымыз, өз ұстамыз бар адамбыз. Біреулер айтты екен деп біреуді жамандауға, қарғап сілеуден құдай сақтасын! Бекболат пен Мұхамеджан мырзалар туралы жазсам, өз сөздеріне, іс әрекеттеріне айтылған жеке сыни ойым! Ортақ чатта, бәрінің басын жинап алып біреулерді жәмәндап, қарғап сілеуге шыны керек уақыт жоқ біреулер сияқты! Азаннан кешке дейін интернетте отырып популизммен айналысады десеңдер қателесесіңдер! “Ойбай Айгүл Орынбек сен не деп жүрсің?-деп, қарғап сілеп, боқтанбай өзімнен мәдениетті түрде сұраңдар! Жазған нәрсемді жазғам деп айтамын! Ол үшін менің басымды ешкім кесіп алмайды! Депутаттық мансаптан, қызметтен айрылып қалам деп қорықпаймын! Маған керегі ол емес! Біреулер сияқты төрт жүзді емеспін!",- деп жазды қоғам белсендісі Айгүл Орынбек.