Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ел қызыққан махаббат кейіпкері Марлен Нұрғасеновті кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен полиция іздеуде

Ел қызыққан махаббат кейіпкері Марлен Нұрғасеновті кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен полиция іздеуде
ашық дереккөз
Анель мен Марленнің махаббат хикаясына бүкіл Қазақстан халқы тәнті болған еді, содан кейін қос ғашық желіде аса танымал болып кетті
Бірнеше жыл бұрын Анель мен Марленнің махаббатына барша Қазақстан халқы тәнті болған еді. Тіпті екеуі сол махаббат оқиғасының желісімен танымал әншінің клипіне түсті. Онда ауыр дертке шалдыққан Анель Мұратованы Марлен Нұрғасенов күтіп, жағдайын жасап, үнемі қасында болғаны өмірдегідей көрсетілді, деп жазды KYN.KZ. Құлсарының 25 жастағы тұрғыны Марлен Нұрғасенов қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желілерде жас жігітті полиция іздестіріп жатқаны туралы ақпар тарады.
Ақпаратқа сәйкес, жас жігіт қасақана кісі өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы. Атырау облысының полиция департаменті Құлсарыда 15 тамызда, шынымен де, 35 жастағы ер адам өлтірілгенін мәлімдеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдікті іздестірілуде. Полиция оның кім екенін ашып айтпады. Айта кетсек, Марлен соңғы рет Instagram-да осы жылдың 8 маусымында пост жариялаған. Ал Анельдің жеке парақшасында Марленмен бірге түскен соңғы сурет үш апта бұрын жарияланыпты. 25 жастағы Марлен мен 26 жастағы Анельдің махаббат хикаясы көптің жүрегін елжіреткен еді. 2016 жылы әлеуметтік желілерде жас жігіттің сырқат сүйіктісінің оттегі баллонын тасып жүргені түсірілген сурет тарай бастады.
2009 жылы қыз ауыр дертке шалдығып, жеті жылдай емделді. Осы жылдар бойы Марлен ғашығының қасынан бір елі айырылмай, үнемі жанында болған. Тіпті, ауруханада да түнеген. Анель Мұратова мен Марлен Нұрғасенов Атырау облысы Құлсары кентінде бір мектепте оқыған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар