Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресейдің экономикалық географиялық жағдайы.

Ресейдің экономикалық географиялық жағдайы.
ашық дереккөз
Ресейдің қандай мемлекеттермен шектеседі. Әкімшілік- аумақтық құрылымы.
Ресей Федерациясы жер аумағы бойынша әлемде бірінші орын алатынын бәрі біледі . Ал оның географиялық және экономикалық жағдайын kyn.kz сайтынан оқи аласыз. Экономикалық –географиялық жағдайы. Ресей Федерациясы (РФ) – Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км (Калиниград обылысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды. Ресей аумағының 1/4 Еуропада, 3/4 –і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш  мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км құрайды. Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасу оның экономикалық –географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калиниград обылысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекарасы жоқ. Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасу елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенімен Ресейдің өзінің көпшілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің Географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының  Еуропаны Шығыс және Оңтүстік -Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік- Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады.  Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия –Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар