Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

“Айқап” журналы

Айқап” журналы. М. Сералин. Бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер

25.08.2020
0
“Айқап” журналы

«Айқап» журанлының шығу тарихы қандай? Оның мақсаты. «Қазақ» газетімен айырмашылығы неде? Аз уақыт ішінде қалың оқырманның бірден көңілінен шығуы және қазақ даласында шыққан алғашқы журналға қатысты тың деректерді  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

“Айқап” журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, – делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан “Қазақ” газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді.

Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік  және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социал демократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі “Айқап” журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған “Қазақ” газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал “еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалық бағдар ұстанбады ”.“Оренбургский край” газетінің журналды “жергілікті халықтық басылым” деп атағаны кездейсоқ емес.

М. Сералиннің сіңірген еңбегін атап өте келіп, зерттеушілер ол “Қазақстанда демократиялық бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші болып жолға қойды. “Айқап” журналы білім әлеміне ашылған бір терезе болды” деп атап көрсетеді. М. Дулатов “Оян ” деп қазаққа дабыл қаққаннан кейін М. Сералиннің демократияшыл зиялыларды, либерал-революциялық ниеттегі студент жастарды іс жүзінде топтастырып, олардың назары мен жігерін жалпы ұлттық проблемаларды шешуге шоғырландыра білгенін айту керек. “Айқап” патша өкіметінің реакциясынан кейін қазақ қоғамын оятты, “Қазақ” газеті оның жақсы дәстүрлерін жалғастырып, жаңа биікке көтерілді.

М.Сералинмен қатар, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. “Айқап” төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының, талантты студент жастардың өкілдері топтасты. Журналға А. Ғалымов, М. Жолдыбаев, Т. Жомартбаев, М. Кашимов, Қ. Кемеңгеров, М.Ж. Көпеев, А. Мұсағалиев, Б. Сыртанов, С. Лапин, Н. Манаев және тағы басқалар белсене қатысып тұрды. Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде оның жұмысына А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың қатысуы себепші болды. Дала өлкесінің демократияшыл қалың жұртшылығы кейіннен қазақ мәдениетінің, әдебиетінің аса көрнекті қайраткерлеріне айналған дарынды тұлғалар: С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердиев, Б. Майлин, С. Дөнентаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаевтардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. Журнал беттерінен қырғыз И. Арабаев, ноғай С. Ғаббасов, түрікмен Ш. Назари және басқалар көрінді. Қазақ әйелдері Сақыпжамал Тілеубайқызы, Мариям Сейдалина, Гүлайым Өтегенқызы, Нәзипа Құлжанова журнал беттерінде әйелдердің тең құқықтығы, қазақ әйелдерін азат ету, балалар мен аналарды қорғау проблемасын көтерді.

Журналдың бірінші нөмірінде М. Сералин оқырмандарға басылымды құрудың ұзаққа созылған оқиғасын түсіндіріп берді: “Біз бір-бірімізді үнемі… кінәлап жүрдік… Басымыз қосылмады. …Біздің қазақтың неше жерден “қап” деп қапы қалған істері көп. “Қап” дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық “Айқап” болды”.

“Айқап” журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті.
“Оқиғалар” айдарынан көрініп отырғанындай, жер-жерден Ташкент, Верный, Шымкент, Әулиеата, Орал, Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Маңғыстау, Бөкей Ордасы, Омбы, Қапал, Семей, Аягөз және басқа жерлерден хабарлар түсіп тұрған.

“Бізге не істеу керек?” деп аталған мақаласында “Айқап” өз бағдарламасын былай деп белгілеген:

“1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.
2.Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
3.Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.
4.Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.
5.Петербургте тұрақты өкілдік болуы.”

“Айқап” нөмірден-нөмірге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Бұл түсінікті де. Патша өкіметі орыс және украин шаруаларын қоныс аудару қозғалысының қарқынын ұлғайту мақсатына қазақтардың құнарлы жерлерін күштеп тартып алу жолымен “қоныс аудару қорын” құрды. “Айқап” жетекшілері мұндай жағдайда көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы, “тұрғылықты ауылдық елді мекендер” салу, егіншілік негізінде қазақ шаруаларының тұрмыс-салтын өзгерту қажет деп саналды. “Қазақ” газетінің жетекшілері, ең алдымен Ә. Бөкейханов басқаша көзқараста болды. Журнал мен газет арасындағы жер мәселесі жөніндегі пікірсайыс екі жақтың да көп күшін алды.

“Айқап” журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин “біздің ғасырымыз-ғылымның ғасыры” деп санады. Ол Ш. Марджанидің, Ы.Алтынсариннің ізбасары болды. Жәдидшілдіктің, жаңа әдіспен дауыстап оқытудың атасы И. Гаспринскийді өзінің ұстазы және тәләмгері деп білді.

Бөлісу55Твит34
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.