Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда коронавируспен ауырғандардың барлығына 50 мың теңгеден берілетін болды

26.08.2020
0
Алматыда коронавируспен ауырғандардың барлығына 50  мың теңгеден берілетін болды

Ақшалай көмекті бес мың адамға дейін алады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар азық-түлік түрінде көмек көрсетіледі

Алматыда коронавирус немесе пневмониямен ауыратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Қалалық мәслихаттың шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Әлеуметтік көмек Алматыда тұрақты тіркелген және тұратын азаматтарға ақшалай немесе заттай көрсетіледі.

Ақшалай жәрдемақы

Жобаға сәйкес, әлеуметтік көмек коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауыратын мұқтаж алматылықтарға 50 мың теңге мөлшерінде ақшалай төлем түрінде бір рет көрсетіледі. Тиісті тізімді денсаулық сақтау басқармасы әзірлейді және әлеуметтік әл-ауқат басқармасына әр айдың 5-не дейін жібереді.

Жоба шамамен 815-тен 5 мың адамға дейін қамтиды деп жоспарланып отыр.

Азық-түлік себеті

Сонымен қатар, әрбірі 10 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы таратылады деп көзделуде.

«Азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету Алматы қаласында пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына кепілді және кідірусіз әлеуметтік көмек көлемі болып табылады», — делінген мәслихат құжатында.

Азық-түлік себетіне кіретін өнімдер:

  • күріш;
  • бірінші сұрыпты бидай ұны;
  • ұнтақ жарма, сұлы, қарақұмық;
  • қара бидай наны, қара нан;
  • макарон өнімдері;
  • бір литр сүт;
  • майлылығы 20% қаймақ;
  • ірімшік;
  • қатты мәйек ірімшігі;
  • сиыр еті, шошқа еті, қой еті, тауық еті, жылқы еті;
  • пісірілген шұжық;
  • балық;
  • жұмыртқа;
  • тұздалмаған сары май, маргарин, күнбағыс майы;
  • құмшекер, тұз;
  • шай;
  • қырыққабат, пияз, қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ, картоп, аршылған бұршақ.

Азық-түлік себетімен шамамен 120 мың адамды қамтамасыз ету жоспарланған.

Көмек кімге көрсетіледі

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСРО ордені және медалімен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін КСРО ордені және медалімен марапатталмаған тұлғалар;
  • 2013 жылдың 21 маусымындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;
  • бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
  • асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын отбасылар;
  • үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты зейнеткерлер;
  • 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
  • тұрмысы төмен отбасылар.

Заттай және ақшалай әлеуметтік көмек төлемі әлеуметтік көмек тағайындалған айдан кейінгі айдың он бесіне дейін жүргізіледі.

Құжатты талқылау 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бөлісу6Твит4
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2208 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    992 бөлісу
    Бөлісу 397 Твит 248
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    905 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    734 бөлісу
    Бөлісу 294 Твит 184
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    709 бөлісу
    Бөлісу 284 Твит 177
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.