Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Канн фестивалінде жүлде алған Самал Еслямованың әкесі қызының кезінде актерлық мамандыққа амалсыздан барғанын айтты

22.05.2018
0
Канн фестивалінде жүлде алған Самал Еслямованың әкесі қызының кезінде актерлық мамандыққа амалсыздан барғанын айтты

Әлем киномотографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы –  туралы әкесі айтып берді.Әлем киномотографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы – Самал Есләмова кезінде журналист болғысы келген екен.

Алайда бір балы ғана жетпей, жолы болмаған ол Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры жанынан ашылған актерлік шеберлік курстарына амалдың жоғынан бара салған. Енді міне, оның сомдаған басты рөліне Канн фестивалінде  әлемдік  кино майталмандарының өздері аяқтарынан тік тұрып қол шапалақтады.

Шымкенттің тумасы, режиссер Сергей Дворцевой мен Самал Есләмованың бұл Канндағы екінші жеңісі. Осыдан он жыл бұрын Самал басты рөлді ойнаған «Тюльпан» фильмі де бір  аталым бойынша жеңімпаз атанған еді. Араға он жыл салып мұндай құрметке оның «Айка» атты туындысы да лайық деп танылды. Самал онда Мәскеуге келген гасторбайтер қырғыз қызын сомдайды. Жат елде баласын босанған кейіпкердің тағдыры қазылар алқасын бейжай қалдырмады.

Бірден «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша бас жүлдені берді. 34 жастағы Самал Есләмова Солтүстік Қазақстандағы Аралағаш ауылында туып өскен. Мектеп бітірген соң әкесі оны қалаға журналистика факультетіне түсіруге әкелген екен. Жолы болмай, жергілікті театрға бас сұққан. Кейін Самал Мәскеудегі  ГИТИС-ты тәмамдап, режиссер Сергей Дворцевоймен жұмыс істей бастайды. Оның ата- анасы Петропавл қаласына бір бөлмелі пәтерге ауылдан жуырда көшіп келген. Бақыттан басы айналған Ілияс пен Гүлмайраны көрші-қолаңмен бірге облыс атқамінерлері де құттықтады.

“Ел-жұртымыз қуанып жатқанда , бүкіл халқымызға ризамыз. Біздің ғана қызымыз  емес, осы облыстың районның, Аралағаштың қызы. Сондықтан біз қуаныштымыз. Бүкіл жұртқа ризамыз”, – дейді Самал Есләмованың әкесі Ілияс Есләмов.

 

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

«Қазақтың Мессиі» атанған 18 жастағы футболшы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Келесі лауазым

Қызылордада сақалды еркек 11 жасар қызды ұрламақ болған

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.