Четверг, 25 февраля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түс көру және оны жору

24.05.2018
0
Түс көру және оны жору

Түс көру қандай да бір белгі беру. Ол жайында дінімізде де анық әрі түсінікті етіп айтылған. Қандай түс көрсеңіз де оның өміріңізге әсері оң болу үшін жақсылыққа жору керек

 

Бүгін түсіңізде не көрдіңіз? біз ұсынған түс жору арқылы түс әлемінің сырын ұғынып, көрген дүниеңізді неге жору керектігін біліңіз.

А

Аға, бауыр, әпке, қарындас: көру – отбасылық бақыт; алыстау – бақытты оқиға; ұрысу – өкінішке ұрыну.

Ағайындар: ағайындарыңыздың сау әрі күш-қуатқа толы екенін көрсеңіз, демек өзіңіздің не олардың тағдырындағы өзгеріске қуанасыз; ағайындарыңыз кедей халде болып, көмек сұраса, жақын күндері жағымсыз оқиға орын алады.

Ағаш: гүлдеген ағаш – үлкен бақыт; өртенген ағаш – шығынға ұшырау; жемісті ағаш – жақсы жолдаспен кездесу; ағашқа шығу – әр нәрседе бақытқа кенелу.

Ай – құпия билік, тыныштық пен күптеген оқиғалардың белгісі.

Айна – арам, жалған достар.

Акула – дұшпан.

Ақтау – мерекелік іс-шараға қатысу.

Ақша: ақшалы болу – үлкен шығын; жалған ақша – мұрагерліктен айырылу; көп ақша көру – күтпеген жерден байлыққа кенелу; көп ақша санау – табыс табу; қарызға беру – үрей мен машақат.

Алма – даналық пен марапат белгісі.

Алмаз – байлық пен отбасындағы береке.

Алмұрт: жеу – құрметсіздік; ағашта өскен алмұрт – бақытты неке; алмұрт ағашын сілку – құрмет.

Альбом – қуаныш пен шаттық

Апельсин – денсалуғыңыздың тез қалпына келіп, сырқаттан айығу.

Аспан әлемі – болашаққа құрған жоспарларыңыздың орындалуы.

Ата не әже: оларға жолығып, сөйлесу еңсеруге қиын түсетін қиындыққа ұшырайтыныңызды білдіреді.

Аяқ киім – саяхат; таза, әдемі аяқ киім – сәтті сапар; жыртық аяқ киім – дерт пен кедейлік.

 

Ә

Әйел адам – қастықтың белгісі.

Әртіс – екіжүзді дос, өтірікші серіктес.

Әскер – қоғамдық маңызы бар оқиға.

 

Б

Базар: базарда жүрсеңіз, өзіңізді жетілдіруді жалғастыруыңыз қажет; базарда саудамен айналысу – өзіңізді саудаға арнау.

Байлық – өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты орындау арқылы қызмет мансабыңыздың өсуі.

Балалар – қуаныш пен кіріс.

Балапан – отбасындағы қуаныш.

Банан – көңіліңізге ұнамсыз адаммен қарым-қатынас.

Бас киім: қымбат әрі бай тігілген бас киім – танымал, табысты болатыныңыздың белгісі; ескі, киілген бас киім меншігіңізді өзгенің иемденетінін аңдатады.

Бит – байлық.

Бұқа, өгіз: түсіңізде бұқа көрсеңіз, абай болыңыз; оны сою – шыдамдылықты тану; өлтіру – қауіптен құтылу.

Бұлт – ісіңіздегі қиындық.

Бұршақ – табыс, сәттілік, мол өнім.

 

Г

Гаухар тас – жалған достық, опасыздық, екіжүзділік.

Гүл: әдемі гүлдер – өмірдегі қуаныш пен шаттық; түсіңізде гүл алсаңыз, сізді әлдкем жақсы көреді; солған гүл – дерт.

 

Ғ

Ғашықтар: ғашық болу – бақытты шақ; ғашықтарды көру – қызғаныш.

 

Д

Дауыс: дауыс естісеңіз, үмітіңізді үзбеңіз.

Дән – ісіңіздегі сәттілік, мол өнім, тұрмыстағы табыс.

 

Е

Егіздер: егіздерді көру – ұрпақты болу; егіз балалы болу – отбасылық қуаныш.

Елтаңба – құрмет пен марапат.

Есік: есіктен кірсеңіз, сізді көре алмайтын, арам ойлы адамдардан арылуға деген талпынысыңызды білдіреді.

Ет: ет жеу – сырқаттану; сатып алу – пайда; еттен тамақ дайындау – береке; ет көру – жайсыздық.

 

Ж

Жаңбыр – ісіңіздің табысты болуы, сәтті әрі қомақты табыс.

Жәшік: толы жәшік – жетістік пен кіріс; бос жәшік – сәтсіздік.

Жол – уайымсыз өмір; тік жол – жоспарлардың асықпай орындалуы; нашар жол – кедергілер; бірнеше тарамға бөлінген жол – жамандық пен жақсылық арасындағы күрделі таңдау.

Жұлдыз: жарқыраған жұлдыз көрсеңіз, ол мықты денсаулық пен жақсы өмірдің белгісі; күңгірт жұлдыз – бақытсыздық пен қайғы.

Жүгіру: жүгірген адамдар – ақшалы болу; бір орыннан қозғалмау –сәттілікті ұзақ уақыт күту; межеге дейін жүгіріп жету – ойланып басталған іс; әлдекміді қуып жету – бақытқа қол жеткізу.

Жүзім – табыс, сәттілік, қуаныш, денсаулық.

Жүктілік: жас әйел үшін – махаббаттағы бақыт; кәрі адам үшін – жақын күндері бақилық болу.

Жылан – әйелдер арасындағы дұшпан; жыланды өлтіру – тұрмыстық қиындықтан арылу.

Жібек – тиімді істің басталуы.

Жіп – өміріңіздегі қиындықтардың әлі де алда екенінің белгісі; үзілген жіп – достарыңыз себепті қайғыға ұшырау.

 

З

Зират – денсаулық, ісіңіздегі жетістік пен ұзақ өмір.

 

И

Ине: ине тауып алу – басыңыздың дауға қалуы; сыйлыққа ине алу – жолдасыңыздан айырылу.

 

К

Кедей: өзіңізді кедей халде көру – жайсыздықтың белгісі; кедейлерді көрсеңіз, бойыңызда мәрттік, мейірімділік сезімдері оянады.

Кедейлік – үрейлену, қынжылу.

Кеш – пайдасыз келісім.

Киіз үй – кедейлік, қорлық көру.

Киім: сатып алу – бақыт; қара киім кию – уайым-қайғы; ақ қиім – өмірге разылық.

Көбелек – қуанышты өмір белгісі.

Көгершін: шатырдағы көгершін – жақсы жаңалықтар; ұшып жүрген көгершін – қуаныш; көгершінді өлтіру – жақын достан айырылу; жем беру – қайырлы іс істеу.

Көз: әлдекімнің көзі соқыр, қыли не көзінде кемістігі болса, ол ісіңіздегі сәтсіздікті, алданатыныңызды аңғартады; көзі сау адамды көру – ісіңіздегі сәттілік, қуаныш.

Көкқұтан: шалғында жүрсе, бақытты некені білдіреді; ұшып жүрсе не көкқұтанды ұстап алсаңыз, ол құдалықтағы машақатты аңғартады.

Көктем – оралу, тамсану, махаббат пен қызметтегі сәттілік.

Күнә: күнә жасасаңыз, ар-ұятыңыздың дауысына құлақ асыңыз.

Кілт – билік пен күш-қуат белгісі.

Кір – байлықтың, өнімді еңбектің, күтпеген оқиғалар мен өсектің белгісі.

 

Қ

Қазына – орындалмаған үміт.

Қайғы: өзіңіздің қайғыға ұшырағаныңызды көру – қауіп-қатерге тап болу; басқа адамдардың қайғысына куі болу – басыңызға көптеген сәтсіздік келеді.

Қақпа: қақпаны ашу – өміріңіздің соңы бақытты болады; күшпен ашылса, табысқа кенелесіз.

Қарбыз: ер адам үшін – жағымсыз жағдайлар; әйел адам үшін – жүктілік. Ал қыз үшін – жақын күнде тұрмысқа шығу.

Қарға – жайсыз хабар, өкініш, дерт.

Қас: түсте әлдекімнің қасын көру жолыңыздағы күтпеген кедергіні аңдатады; қара қас – денсаулық, қасты күйдіріп алу – мұрагерлік жайында дау.

Қасқыр – қас дұшпан, жайсыз жағдай, сатқындық пен өтірік.

Қой – ақымақ дос.

Қонақ: әлдеқандай шаруамен келген қонақ – сақтық таныту; қонақ болу – үлкен шығын не жақсы көретін дүниеден айырылу.

Қыс: жастар үшін – ашулы адаммен отбасын құру; отбасылы адамдар үшін – қорқыныш.

 

М

Мақта – нәтижесіз еңбек.

Монша – қауқарсыздық, үмітсіздік, алдану.

 

Н

Нан: ақ нан жеу – молшылық пен қанағат; қара нан – мұқтаждық, қайғы; нан турау – опасыздық; көгерген нан – дұшпандар; нан сатып алу – отбасылық шығын.

Неке: түсте некелесу міндеттеріңізді атқаруға ораласыз.

 

О

Омырау: омырау ақ әрі толы болса, жақын күндері табыс пен бақыт күтілуде.

Орамал: жібек орамал – ғашықтық.

От – орындалмас армандар.

 

Ө

Өрмекші – қауіпті дұшпан; өрмекшіні өлтіру – жеңіс.

Өрік жағымсыз жағдайлар мен шығынды білдіреді.

 

П

Періште – жақсы жолдасқа жолығу.

Пышақ – ұрыс керіс, жайсыз жағдай.

 

С

Саңырауқұлақ – миға қонымсыз қалау мен табысқа кенелу жолында ақымақтықпен асығыстыққа бару.

Саяжол – тағыдырыңыздың бұрынғыдай жақсы болмайтынының белгісі.

Сиыр: жуас сиыр арман-үміттердің орындалуы.

Соғыс – жайсыздық, бақталастық, ісіңіздегі қиындық.

Су: суық су – бақыт; су құю – дұрыс іспен айналысу; лай су – кедергі; шомылу – күдіктен арылу; суық су ішу – денсаулық; жылы су ішу – дерт; суда жүру – қиындықтарды жеңу.

Сүлгі: кір сүлгі – көре алмаушылық; сүлгіні жырту – жақтырмау.

Сыпырғыш: сыпырғыш көру – үйдегі келеңсіздік; жаңа сыпырғыш – жалған достар; ескі сыпырғыш – ескі танысыңызбен жолығу; сыпырғышпен сыпыру – өсек.

Сырқат адам: түсіңізде ауырсаңыз, өміріңізде уайымдамаңыз.

 

Т

Тау: көру – әлдекімнің қорған болуы; тауда жүру – қиындық пен кедергі; шыңына шығу – торуылдан құтылу; қарлы шыңды тау – ниеттің дұрыстығы.

Тиін: ер адам үшін – қу әрі өтірікші әйелмен таныстық; әйел адам үшін – нашар адамның алдап-арбауына түсу.

Тоқаш: сатып алу – табыс; турау – ақша жинау.

Толқын – оқуда нық қадам жасап, үлкен ілімге ие болу.

Топырақ – ауыр, қиын, салмақтылығы зор еңбек.

Тосап: қайнату – сүйікті істе табысқа жету; жеу – махаббаттағы сәтсіздік.

Төбелесу, күресу – аурудан айығу, махаббат пен қызметтегі сәттілік, дұшпандарды жеңу.

Түйе – ұзақ әрі қиын өмір.

Тіл – бос сөз.

 

Ұ

Ұлу – ісіңізде табысқа кенелу.

Ұрлау – қорлық көру, кедейлік, уайым.

Ұру: адамды не жануарды ұру – ауры, уайым, жоғалту.

Ұшу – үміттердің орындалуы, ісіңіз бен махаббаттағы сәттілік.

Ұя – баспаналы болу, тыныш әрі жақсы өмір.

 

Ү

Үй: үй салу сырқат адам үшін бақилық болуды, сау адам үшін ауыр еңбек пен машақатты аңғартады; өртке оранған үй – мол табыс.

Үйлену: отбасылы ер адам үшін – опасыздық; бойдақ еркек үшін – алдау мен мұң.

Үйлену тойы – жайсыздық, ұрыс-кіріс.

Үйрек: тұнық суда жүзіп жүрген үйректер саяхат, теңізге саяхатты білдіреді; үйрек аулау – жоспарыңыздың орындалуындағы күрт өзгерістер; ұшып жүрген үйректер – бақытты өмірдің белгісі.

 

Х

Халық – маңызды жаңалықтар.

Хат: хат алу – көп ақша; хат жазу – қызыққан дүниеңіз жайлы хабар алу; тауып алу – қызметіңіздің өсуі.

 

Ш

Шабуылдау – жұмыс күтіңіз; шабуылға ұшырау – арам пиғылды жолдастардан сақ болыңыз.

Шалбар: қара түсті – төзім; ақ түсті – адасқаныңызды түсіну; жыртық – беделіңіз түседі; шалбар кию – үйде басшы болу.

Шарап – көңілі толу, жақсы көңіл-күй.

Шаш: тарау – жақсы табыс; қию – отбасындағы қаза; өсуі – істеріңіздің табысты болуы; сату – бақытсыздық.

Шелек: толы – ісіңіздегі жақсылық; шелекпен құдыққа бару – еңбекқорлығыңыз үшін марапат; судағы шелек – құрмет.

Шие – қылмысты махаббат, заңсыз қарым-қатынас.

Шыңға шығу – қиындықтарды еңсеріп, барлық салада жетістікке жету.

Шырақ – сенім, тыныштық, сезімнің белгісі.

 

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Мұсылманша түс жору

Келесі лауазым

Қытайдан келген қазақ: Сауыт кигізіп 12 сағат қинады, ассалаумағалейкум деп сәлем бермейсің деді

  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Дәрігер, медбикелер туралы өлең жолдары

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Ермахан ағамыздың пайымынш Ермахан ағамыздың пайымынша, "бақытты болу үшін адамға 4  нәрсе: салиқалы әйел, кең үй, жайлы көлік және бала-шағаның амандығы" керек екен. Ал сіз бақыттысыз ба?
"ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?​"
🔸⠀
Атақты айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ең бақытты әйелдің қандай болатынын айтты. Соңғы жылдары психологиямен айналысып, мотиватор болып жүрген ақынның ойынша ең бақытты әйел "Өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел" екен. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Айнұр Тұрсынбаева: "ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? Ол - өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел. Өзін толық танитын, не үшін жаратылғанын, өзіне не керек екенін, ненің оның табиғатына сай емес екенін түсіне білетін әйел... Өзінің жаратылысына, әйелдік болмысына риза болған әйел бақытты жар, бақытты ана, бақытты тұлға болады... Ол үйінің де кез келген ісін қиналмай атқарады, күйеуінің де тапсырмаларын қуана жүріп орындайды, балаларын да қуана жүріп тәрбиелеп, айналасына да бақыт пен қуанышты шаша алады... Сіз өзіңізді шынайы қабылдап, Алла жаратқан өз болмысыңызды толық қабылдаған кезде және шын мәнінде әйел адамның «үйдің бүкіл проблемасын мойнына алып алған бейшара» емес екенін шын түсінген кезде әйел болып туғаныңызға қуанатын боласыз... Және сол сәттен бастап бұған дейін қиын болып көрінген бүкіл істер Сізге керісінше ләззат, қуаныш сыйлайтын болады... Сол кезде ғана сіз бақыттың дәмін татасыз және өзгелерді бақытты ете аласыз...".
🔸⠀
Көпшілік айтыскердің ойымен келісетін сияқты. Оған жазбаға жазылған пікірлер дәлел бола алады. "Орынды сөз екенін" айтқан оқырмандары өздерінің бақытты әйел екендерін, кейбірі бақытты болуыға тырысып жүргендерін айтқан. Арасында Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне "Сіз өзіңізді бақытты әйелмін деп есептейсіз бе?" деген де сұрақтар бар екен. Бірақ ақын қыз ол пікірлерге жауап бермеген. Дегенмен оның әлеуметтік желідегі парақшасына қарап "Бақытына шүкірлік ететін әйел" екенін аңғару қиын емес. Соңғы уақытта әйел адамдардың көпшілігі өзін іздеумен, танумен айналысып жүр. Бұл жағдай бәлкім алдағы уақытта бақыттылардың қатарын арттыратын шығар?! Ал, сіз өзіңізді таптыңыз ба?
Бүгін оннан астам әйел Алм Бүгін оннан астам әйел Алматы әкімдігінің алдына жиналып, мәслихат депутаты, спортшы Ермахан Ибраимовтан "көп балалы әйелдер туралы айтқанын" түсіндіруді талап етті, деп хабарлады  Азаттық радиосы.

Мәселе Ибраимовтың 20 ақпанда Youtube-те жарық көрген сұхбаты жайлы болып отыр. Бір отбасының 5 сәбиі қаза тапқан қайғылы оқиға туралы пікірін білдірген спортшы сұхбатта "бес баланы сыртынан жауып, кетіп қалуды" нағыз "түк көрмегендік" деп бағалаған.

"Жылы кабинетте отыра бермей, "түк көрмегендердің" жағдайын өзі шығып көрсін. Ондай жағдайдан шығу үшін не істеу қажеттігін өз аузынан естиік. Біздің арамызда мүгедек бала тәрбиелеп, көп бала өсіріп отырғандар бар. Балаларды үйге қамап, не үшін шығып жүргенімізді көрсін. 60-70 мың теңге жалақы табуға жағдайы жоқтықтан шығып жүргенін көрсін", - деді мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Іңкәр Жанәділқызы.
Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған.
"Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді",-делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бір үйдің бас баласы көз жұмды.
 Жалғасы төменде
Коронавирус пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Данияның DR телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.trбасылымы.

Айтуынша, 2021 жылы да коронавируспен күресеміз. Келер жылдың басында бәсеңсуі мүмкін.

"Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кездегіге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді", – деді Клюге.

Алайда өз болжамымен бөліскенін жеткізіп, пандемияның алдағы уақытта қалай өрбитінін ешкім білмейтінін жеткізді.

“Вирус бәрібір де кетпейді, қалады, бірақ шектеулер ендігі де қажет емес. Бұл оптимистік хабарлама", – деп толықтырды ДДҰ өкілі.
Бокстан Олимпиада чемпионы Бокстан Олимпиада чемпионы, Алматы мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында елдегі жәрдемақылар мен көп балалы отбасылардың жағдайы туралы пікір білдірді.

«Nur Otan партиясының өз бағдарламасы бар, біз де осы бағдарлама бойынша әрекет етеміз. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 30 жыл болды. Қазір жағдайымыз жақсы, жұмысымыз бар», — дейді Ыбырайымов.

Интервьюер сұхбат барысында Қазақстандағы ең төменгі жалақы –42 500 теңге, ең төменгі күнкөріс —деңгейі 34 302 теңге, кедейлік шегі — 24 011 теңге екенін атап өтті.

«42 мың теңгеге ешкімнің күні қарап тұрған жоқ деп ойлаймын. Жұмыс істегісі келетіндер әрқашан жол табады. Менің ойымша, кейбір қазақстандықтар өздерінің кедейлігіне кінәлі», - деп толықтырды мәслихат депутаты.

Спортшы Жамбыл облысында болған қайғылы оқиға туралы да сөз қозғады.

«Шынына келгенде, бұл – өте өкінішті. Бүкіл Қазақстан дүр сілкінді. Ең болмаса, көршіге тапсырып кет, бірақ 5 баланы түнде қалдырып кету деген дұрыс емес. Бес баланы сыртынан жауып, кетіп қалу – нағыз түк көрмегендік»,-деді ол.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.