Среда, 14 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Көз тиген баланы емдеп алудың жолдары

24.05.2018
0
Көз тиген баланы емдеп алудың жолдары

Ел ішінде «көзі жаманның көзінен, сөзі жаманның сөзінен сақта» деген тәмсіл болса, Араб халқында «көз түйені қазанға батырады, қабірге түсіреді» деген мақал бар екен. Қысқасын айтқанда, көз тию деген бар нәрсе.

Балаға көз тиюге көп жағдайда өзіміз себепкер боламыз. Иммунитеті толық қалыптаспаған кішкентай баланы «өнерлі, биші, әнші…» деп қаншама көздің ортасына итермелейміз. т.с.с. Кез келген аурудың өткір, орташа, жеңіл болып бөлінетіні секілді тіл-көздің де тікелей және жанай тиюі бар.

Балаға тіл-көздің сұғы қатты өтіп кетсе, ол өте қауіпті жағдай. Көздің әлсіз немесе қатты тиюіне байланысты өз белгілері болады. Көздің сұғы өткір тиген баланың арқасына немесе бетіне қара дақтар пайда болады. Емшек ембей қалады. Омыраудан шыққан бала болса, аузына тамақ апарсаң, басын алып қашады. Бұл өткір тигендегі жағдай.

Ал жанай немесе жеңіл тисе бала мазасызданып, тамаққа бұрынғыдай тәбеті тартпай, тек сүтті ғана қорек етеді. Көңілі жабырқау тартып, айналасында болып жатқан нәрселерге елең етпейді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, мелшиіп отыра береді.

Дәрігерлер көз тиген балаға ешқандай диагноз қояа алмайды. Бұл медициналық жолмен емдейтін ауру емес. Шариғатта көз тиген баланы емдеудің үш түрлі жолы айтылады.

Бірінші, егер балаңызға көзі тиген адамды мөлшерлеп білсеңіз, (кейде үйіңізге бір ғана қонақ келіп, балаңыз ауырып қалатын жағдай болады ғой) оған жағдайды түсіндіріп айтып, жеңіл дәрет алғызып, дәрет суының қалғанымен баланы шомылдырсаңыз, дереу сауығады.

Екінші, көзі тиген адам белгісіз жағдайда «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүрелерінің біреуін оқып, денесін толықтай сипалап шығасыз.

Үшінші, «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүрелердің біреуін таза суға оқып, балаға ішкізесіз.

Болмаса, жақын жердегі мешітке апару керек. Имам жоғарыдағы сүрелерді және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тіл-көз тию немесе өзге ауруларға Алладан шипа тілеп үнемі оқитын дұғаларын оқып берсе болғаны. Мысалы, мына дұға: «Қызғаншақтың қызғаныш кесірінен, көз сұғының пәлесінен болған әрбір әлсізді аурудан құтқар деп Алладан сұраймын.

Бұл жерде ескеретін жайт имамды тәуіп, бақсы, балгер, сиқыршы дегендермен шатастырып алып жүрмеңіз. Егер де оларға барсаңыз сіздің балаңызға істеген барлық дұрыс амалыңыз теріске айналып кетпек.

Мынадай бір жайды есіңізге берік сақтаңыз. Сіздің балаңызға біреудің тіл-көзі тиеді екен, ал сіздің тіл-көзіңіз біреудің баласына тимеймей ме? Әрине тиеді. Ол үшін не істеу керек? Бөтен баланың әдемілігіне қатты сүйініп, таң қалған жағдайда «Алланың құдіреті», «Алланың жаратқаны», «Мәшаллаһ» деп айту қажет. Ақиқатында, өз көзіңіз бен сөзіңіздің сұғын қайтаратын бірден-бір амал – оның тек ғана Алла тарапынан болғанын айту.

Бөлісу18Твит12
Алдыңғы лауазым

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Самал Еслямоваға пәтер сыйлады

Келесі лауазым

Олимпиада жүлдегері Юлия Галышеваға пәтер, көлік, 16 млн теңге сыйға берілді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!
Даяшы мейрамханаға келген қонақты құтқарып қалды
Франциядағы Крей қаласының Франциядағы Крей қаласының мэриясында Йешим Саваш есімді қазақ қызы жұмыс істейді. Йешимнің атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген деп хабарлайды Хабар24.
⠀
Йешим Саваш жастайынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласының яғни, Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған. Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмыстан босатпайды.
⠀
Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.
⠀
«Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айта кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнатсақ жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім», — дейді Крей қаласы мэрінің орынбасары Йешим Саваш.
⠀
Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы — атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.
⠀
«Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін.
⠀
Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу — үлкен абырой», — дейді Йешим Саваш.
⠀
Қала мэрінің орынбасары болып сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналған. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын.
Осындай ырым бар екен. Қаншалықты рас
Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.