Четверг, 25 февраля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балаңыз ақылды болсын десеңіз мына 12 істе тыйым салмаңыз

29.05.2018
0
Балаңыз ақылды болсын десеңіз мына 12 істе тыйым салмаңыз

Бала тәрбиесі барысында оларды көптеген нәрседен сақтандырып, біршама дүниелерге тыйым салатынымыз өтірік емес. Бұл тыйымдар сіздің балаңыздың дамуы мен өсуіне кедергі екенін білесіз бе? Олай болса KYN.KZ  ұсынған кеңестермен таныс болыңыз.

Осы тыйым салу кейде шектен шығып та кетіп жатады. Біздің қазақ менталитетінде «Мынаны істеме, ұят болады», «Ондай сөз айтпа, ел не дейді?» деген тыйымдар баланың қиялына жиі тосқауыл қояды.

Баласы аспаз болуды армандаса «Аспаз дейді? Қай атаң аспаз болып еді? Сен заңгер боласың. «Соттың әкесімін» деп мақтанбаймын ба?» – деп, ұлына өз арманын арқалатып жіберетін ата-аналар да жоқ емес.

Қабілеті мен мүмкіндіктерін айқын байқау үшін балаға белгілі бір мөлшерде еркіндік керек. Жапон халқы бала бес жасқа толғанша оны еркін жіберіп, ешқандай нәрсеге тыйым салмайды.

Тек бес жастан кейін қатал тәртіпке көшіреді екен. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бес жасқа дейін тұрмақ, өз тәрбиесінде болған 10 жасар Әнас ибн Мәлік тапсырылған істі ұмытып, ойнап кеткенде бір рет те кейімегенін, ұрыспағанын көреміз.

Әрине, балаға тыйым керек. Бірақ оның белгілі бір шегі де болуы тиіс. Бұл мақаламызда біз балаға қандай істе тыйым салмау керектігіне тоқталып кетпекпіз.

Мына 12 істе балаға мүлде тыйым салмаңыз

  1. Өз бетімен тамақтану. Әрине, қасықпен өзіңіз тамақтандырсаңыз жылдам әрі таза болады. Көп уақытыңыз да кетпейді, артынан тамақ жұққан киімдерді де жуып жүрмейсіз. Бірақ бұл әрекетіңізбен балаңыздың өз бетінше іс-қимыл жасауына кедергі болатыныңызды білесіз бе? Қасықты, ондағы тамақты құлатып алмай, аузына апара білу де кішкентай бала үшін үлкен өнер. Әрі ол сәбиіңізді шыдамдылыққа, жауапкершілікке үйретеді. Ертең балабақшаға бергенде де, бұл қылығы үшін тәрбиешілерден мақтау еститініңіз сөзсіз.
  2. Ата-анасына көмектесу. Көптеген ата-аналардың балаларына кішкентай кезінде “Ыдысты ұстама, шағып аласың!”, “Ары қарай тұр, үстіңе төгіледі”, “Тамақ пісіріп жатырмын, маған кедергі келтірмей мультфилм көрші” деген тыйымдарын жиі естиміз. Кейін, арада біраз уақыт өтіп, балалары есейгенде сөйткен аналардың құрбыларына: “Қызым – жалқау. Үйде ештеңе істемейді. Кешке дейін бөлмесінен шықпайды”, – деп шағым айтқанын көзіміз жиі көріп жүр.Сондықтан, сіз жұмыс жасап жатқанда жаныңызға балаңыз келсе, оны қууға асықпаңыз. Керісінше, үй жинап жүрсеңіз, қолына сыпыртқы беріп қойыңыз. Шкаф жөндеп жатсаңыз, жаныңызда балға ұстап тұрсын. Кішкентай ұлыңыз қолыңыздағы пакетті көтермекке ұмтылса, жеңілдеуін ұстата салыңыз.Бастысы, балаңыз ұсынған көмектен бас тартпаңыз. Сізге көмектесу арқылы ол өзін үлкен әрі керекті сезінетін болады. Көптеген жақсы қасиеттер балаға кішкентайынан сіңетінін ұмытпаңыз.
  1. Бояумен сурет салу. Балаңыздың сурет арқылы өз ойын сыртқа шығаруына тыйым салмаңыз. Бояу – шығармашылықтың бастауы. Ол баланың фантазиясын дамытады, ойлау жүйесін кеңейтеді, стрестен арылтады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Кішкентайынан суретпен дос болған баланың өзін-өзі бағалауы да жоғары болады. Балаңызға әдемі бояу қарындаштар, акварель алып беріңіз. Үстіне ескі футболка немесе фартук кигізіп, алдына сурет салуға арналған қағаздарды жайып тастаңыз. Кішкентайыңыз қалағанынша сурет салсын.Ал одан жалығып, қабырғаға сурет салуға көшсе, оның да шешімі бар. Үйдің қабырғаларына плакат немесе ватмандар жабыстырып тастаңыз. Сонда керегені жуып немесе әктеп жүрмейсіз. Бастысы – бала қиялына ерік беру.
  1. Эмоциясын білдіру. Жүгіру, секіру, айқайлау, күлу, жылау, яғни бала болуға тыйым салмаңыз. Бала, сонысымен бала. Әрине, емханада, қонақта белгілі бір тәртіпке бағындырғаныңыз жөн. Бірақ үйде қалағанын істесін. Бойдағы толассыз энергенияны бірдеңе етіп шығару керек қой!
  2. Турниктер мен спорт кешендерінен шектемеу. Балаңызды аулада ойнатып жүргенде “Онда шықпа, қауіпті” деп, турниктерден түсіріп алып, құмға алып қашудың қажеті жоқ. Керісінше, ата-ана оған қалай шығатынын, қалай түссе құламайтынын көрсетіп, қауіпсіздік шараларымен таныстыру керек. Сонда сіз жоқ кезде, турникке шығуға талпынған балаңыз құламайтын болады.
  3. Сумен ойнау. Әрине, балаңыз үйді көл жасауы мүмкін. Бірақ анда-мұнда сумен ойнауға да мүмкіндік беріп тұрыңыз. Рас, бастан-аяқ үсті-басы су болар. Бірақ сәбиіңіздің сол сәттегі көздерінен ұшқындаған бақыт оттары мен көтеріңкі көңіл-күйіне ештеңені айырбастамасыңыз анық.
  4. Шалшықта секіру. Шалшықтың үстінен бір жүгіріп өтуге кішкентай бала тұрмақ, ересек адам да қызығады. Кейде балаңызға су өтпейтін етік кигізіп, жаңбырдан кейін жиналып қалған немесе суық күндері беті қатып тұрған шалшықтың үстінен қалағанынша жүгіріп өтуге рұқсатыңызды беріңіз. Жақсы эмоция – салауатты өмір кепілі.
  5. Сынатын заттарды ұстау. Баланың барлығына тән қасиет, олар кез-келген жаңа нәрсені ұстап, зерттеп, тамақ болса, жеп көргісі келеді. Өзіңізге сыйланған ыдыс немесе статуэтканың балаңыз да ұстап көргісі келсе, беріңіз. Бірақ, берердің алдында бұл заттың өзіңізге қымбат екенін, байқап ұстау керектігін, құласа сынып қалатынын түсіндіру керек. Түсіндіргеніңізге қарамастан, қолынан түсіріп, сындырып алса, ұрсып, баланы шошытпаңыз. “Ештеңе етпейді” деп оны жұбатып, қалдықтарын бірге жинап алыңыз.
  6. Өз пікірін қалыптастыру. Балаңызға қай шалбармен қай жейденің сәйкес келетінін немесе ойыншықтарының қалай жиналуы керектігін әрине, сіз жақсырақ білесіз. Соған қарамастан, оның өз пікірін де тыңдап тұрыңыз. Пікірін айтып болған соң, неге олай ойлайтынын сұраңыз. Ал пікірі тіпті қиыс кетіп жатса, өз дәйектеріңізді келтіріп, солай істеуге шақырыңыз. Анда-санда балаңызбен де келісіп тұрған жөн.
  7. Ыдыспен ойнау. Балаңыз келе жатса, ыдыстарды шкафтың арғы қуысына қарай жасырып, бәрін тыға жөнелудің қажеті жоқ. Қазан, кострюль, контейнерлерге бір уақыт ыдыс деп емес, баланың дамуына арналған зат деп қарап, ойнауға беріп тұрыңыз.
  8. Жарық жағып ұйықтау. Үш-төрт жастағы балалар әдетте қараңғыда ұйықтауға қорқады. Анасының жанынан бөлек кетіп, жеке төсекке, басқа бөлмеге көшкен бала үшін түнде қорқу – қалыпты жағдай. Сондықтан светильник жоқ болса, жарықпен ұйықтауына рұқсат беріңіз.
  9. Сұрақ қою. Өсіп келе жатқан бала сұрақ қойғыш келеді. Олар көп нәрсені білгісі келіп тұрады. Көптеген ата-аналар «Мазамды алмашы, жұмыстан шаршап келдім» немесе «Кейін жауап берейінші» деп баласының қызығушылығына немқұрайлы қарап жатады. Ал сұрақтарына жауап ала алмаған баланың білуге, үйренуге қызығушылығы төмендейді.  Автор: Марфуға ШАПИЯН

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Жәния Джуринская: Ақша үшін төсек қатынасына баратын қыздарға бас ием

Келесі лауазым

Өскеменде Дмитрий есімді жігіт 500 адамға ауызашар берді

  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Дәрігер, медбикелер туралы өлең жолдары

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Ермахан ағамыздың пайымынш Ермахан ағамыздың пайымынша, "бақытты болу үшін адамға 4  нәрсе: салиқалы әйел, кең үй, жайлы көлік және бала-шағаның амандығы" керек екен. Ал сіз бақыттысыз ба?
"ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?​"
🔸⠀
Атақты айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ең бақытты әйелдің қандай болатынын айтты. Соңғы жылдары психологиямен айналысып, мотиватор болып жүрген ақынның ойынша ең бақытты әйел "Өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел" екен. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Айнұр Тұрсынбаева: "ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? Ол - өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел. Өзін толық танитын, не үшін жаратылғанын, өзіне не керек екенін, ненің оның табиғатына сай емес екенін түсіне білетін әйел... Өзінің жаратылысына, әйелдік болмысына риза болған әйел бақытты жар, бақытты ана, бақытты тұлға болады... Ол үйінің де кез келген ісін қиналмай атқарады, күйеуінің де тапсырмаларын қуана жүріп орындайды, балаларын да қуана жүріп тәрбиелеп, айналасына да бақыт пен қуанышты шаша алады... Сіз өзіңізді шынайы қабылдап, Алла жаратқан өз болмысыңызды толық қабылдаған кезде және шын мәнінде әйел адамның «үйдің бүкіл проблемасын мойнына алып алған бейшара» емес екенін шын түсінген кезде әйел болып туғаныңызға қуанатын боласыз... Және сол сәттен бастап бұған дейін қиын болып көрінген бүкіл істер Сізге керісінше ләззат, қуаныш сыйлайтын болады... Сол кезде ғана сіз бақыттың дәмін татасыз және өзгелерді бақытты ете аласыз...".
🔸⠀
Көпшілік айтыскердің ойымен келісетін сияқты. Оған жазбаға жазылған пікірлер дәлел бола алады. "Орынды сөз екенін" айтқан оқырмандары өздерінің бақытты әйел екендерін, кейбірі бақытты болуыға тырысып жүргендерін айтқан. Арасында Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне "Сіз өзіңізді бақытты әйелмін деп есептейсіз бе?" деген де сұрақтар бар екен. Бірақ ақын қыз ол пікірлерге жауап бермеген. Дегенмен оның әлеуметтік желідегі парақшасына қарап "Бақытына шүкірлік ететін әйел" екенін аңғару қиын емес. Соңғы уақытта әйел адамдардың көпшілігі өзін іздеумен, танумен айналысып жүр. Бұл жағдай бәлкім алдағы уақытта бақыттылардың қатарын арттыратын шығар?! Ал, сіз өзіңізді таптыңыз ба?
Бүгін оннан астам әйел Алм Бүгін оннан астам әйел Алматы әкімдігінің алдына жиналып, мәслихат депутаты, спортшы Ермахан Ибраимовтан "көп балалы әйелдер туралы айтқанын" түсіндіруді талап етті, деп хабарлады  Азаттық радиосы.

Мәселе Ибраимовтың 20 ақпанда Youtube-те жарық көрген сұхбаты жайлы болып отыр. Бір отбасының 5 сәбиі қаза тапқан қайғылы оқиға туралы пікірін білдірген спортшы сұхбатта "бес баланы сыртынан жауып, кетіп қалуды" нағыз "түк көрмегендік" деп бағалаған.

"Жылы кабинетте отыра бермей, "түк көрмегендердің" жағдайын өзі шығып көрсін. Ондай жағдайдан шығу үшін не істеу қажеттігін өз аузынан естиік. Біздің арамызда мүгедек бала тәрбиелеп, көп бала өсіріп отырғандар бар. Балаларды үйге қамап, не үшін шығып жүргенімізді көрсін. 60-70 мың теңге жалақы табуға жағдайы жоқтықтан шығып жүргенін көрсін", - деді мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Іңкәр Жанәділқызы.
Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған.
"Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді",-делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бір үйдің бас баласы көз жұмды.
 Жалғасы төменде
Коронавирус пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Данияның DR телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.trбасылымы.

Айтуынша, 2021 жылы да коронавируспен күресеміз. Келер жылдың басында бәсеңсуі мүмкін.

"Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кездегіге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді", – деді Клюге.

Алайда өз болжамымен бөліскенін жеткізіп, пандемияның алдағы уақытта қалай өрбитінін ешкім білмейтінін жеткізді.

“Вирус бәрібір де кетпейді, қалады, бірақ шектеулер ендігі де қажет емес. Бұл оптимистік хабарлама", – деп толықтырды ДДҰ өкілі.
Бокстан Олимпиада чемпионы Бокстан Олимпиада чемпионы, Алматы мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында елдегі жәрдемақылар мен көп балалы отбасылардың жағдайы туралы пікір білдірді.

«Nur Otan партиясының өз бағдарламасы бар, біз де осы бағдарлама бойынша әрекет етеміз. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 30 жыл болды. Қазір жағдайымыз жақсы, жұмысымыз бар», — дейді Ыбырайымов.

Интервьюер сұхбат барысында Қазақстандағы ең төменгі жалақы –42 500 теңге, ең төменгі күнкөріс —деңгейі 34 302 теңге, кедейлік шегі — 24 011 теңге екенін атап өтті.

«42 мың теңгеге ешкімнің күні қарап тұрған жоқ деп ойлаймын. Жұмыс істегісі келетіндер әрқашан жол табады. Менің ойымша, кейбір қазақстандықтар өздерінің кедейлігіне кінәлі», - деп толықтырды мәслихат депутаты.

Спортшы Жамбыл облысында болған қайғылы оқиға туралы да сөз қозғады.

«Шынына келгенде, бұл – өте өкінішті. Бүкіл Қазақстан дүр сілкінді. Ең болмаса, көршіге тапсырып кет, бірақ 5 баланы түнде қалдырып кету деген дұрыс емес. Бес баланы сыртынан жауып, кетіп қалу – нағыз түк көрмегендік»,-деді ол.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.