Четверг, 4 марта, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Димаш Құдайберген туризм елшісі болды

01.06.2018
0
Димаш Құдайберген туризм елшісі болды

Димаш Құдайберген туризм елшісі ретінде Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетуді белсенді түрде жалғастырады

Әнші Димаш Құдайбергенге “Қазақстан Республикасының туризм жөніндегі елшісі” мәртебесі берілді, деп хабарлады Елорда инфо “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім Ақтөбе қаласында әншінің “Димаштың Отаны” атты турына қатысушы 10 мемлекеттен келген жанкүйер топтардың жетекшілерімен кездесу кезінде өтті.

Димаш Құдайбергенге ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан “Қазақстан Республикасының туризм жөніндегі елшісі” мәртебесін “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев табыстады.

“Бір жарым ай бұрын футболшы Месси әлем туризмінің елшісі атанды. Бізде Димашқа қазақстандық туризм елшісінің сертификатын ұсынып отырмыз. Ол өз елінің патриоты”, — деп атап өтті “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Димаш нағыз патриот бола тұра, өз концерттерінде және БАҚ көздерінде әрқашан фанаттарын Қазақстанға шақырып жүреді. Турдың идеясы да осыдан шыққан. Ал маршрут құрамына Димаш шетелде үнемі айтып жүретін туған қаласы Ақтөбе, елордамыз Астана және ең үлкен қаламыз Алматы кірді.

“Димаш Құдайберген туризм елшісі ретінде Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетуді және әлемнің түпкір-түпкірінен өз тыңдармандарын елімізді көруге шақыруды белсенді түрде жалғастырады деп күтілуде”, — деп жазылған хабарламада.

 

Жалпы тур әншінің балалығы мен шығармашылығымен байланысты жерлерге баруды, мысалға Ақтөбедегі мектебін көруді, сондай-ақ әртістің жақындары мен туыстарымен түрлі кездесулерді, Димаштың ұстазы, әрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімовтың мастер-класы және тағы басқаны қамтиды.

Бүкіл әлемнен келген Димаштың табынушыларына арнап осындай турларды отандық туроператорлар тұрақты түрде өткізетін болады. Ал осы турлардан түскен қаржының бір бөлігі келешекте Димаш брендін әлемдік деңгейде одан әрі нығайтуға және өрлетуге бағытталады.

 

 

 

Бөлісу13Твит8
Алдыңғы лауазым

Қазақстандық заңгер студент кездегі ғашығын 20 жыл өткеннен кейін 10 баласымен алды

Келесі лауазым

Назарбаев зорланған 7 жасар баланың ісі не себепті ұзақ зерттелгенін айтты

  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Дәрігер, медбикелер туралы өлең жолдары

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Анаға арналған әдемі өлеңдер. Ана жайлы өлең шұмақтары

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

АҚШ-тың Атланта қаласында 35 АҚШ-тың Атланта қаласында 35 жастағы әйел жігітімен айырылысқаннан кейін өзіне-өзі тұрмысқа шықты деп хабарлайды Lenta.ru. 
Мег Тейлор Мориссон 2020 жылы өткен Хэллоуин қарсаңында тұрмысқа шығуды армандаған. Алайда маусым айында сүйіктісімен айырылысып, жоспарының орындалмасын түсінген. 
Сол кезде Моррисон той жасау үшін өзіне екінші жарты керек емес деген шешімге келген. Америкалықтың сөзінше, осылайша ол өзін қаншалықты жақсы көретінін көрсетпек болыпты. 
Салтанатты кешке Моррисонның ең жақын достары мен туыстары жиналған. Рәсім кезінде өзі жазған антты оқып, айнадағы бейнесін сүйген. 
Ол осы арқылы жақсы тәжірибе жинақтағанын, өзінің денсаулығы мен бақытын бірінші орынға қоюды түсінгенін айтқан. 
Еске сала кетсек,  Мәскеуде тұратын 24 жастағы Рейн Гордон шабаданға құлай ғашық болып, оған тұрмысқа шығып алғанын жазған едік. 

Рейн Гордон жансыз заттарға бала кезінен құштар болған. Бойжеткен сегіз жасынан бері түрлі бұйымдарға ғашық болып келген екен.
Потребительский кредит без Потребительский кредит без залога  от 1 миллиона  до 20 миллионов тенге, а так же рефинансирование со всех банков с выгодой до 50%
Обязательные условия к заемщику:
- Гражданство РК
- Возраст от 21 года
- Пенсионные отчисления от 6 месяцев 

Весь список услуг:
- рефинансирование всех кредитов в один кредит 
- рассмотрим военных и гос.работников
- рассмотрим клиентов с загруженной кредитной историей
- залоговый кредит
- ипотека «7-20-25», «Баспана хит», «Орда».

Консультация и интересующие Вас вопросы, вы можете задать по номеру:
Сот.: +7 776 608 13 13 Али
WhatsApp: +7 778 520 37 33
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов  Қазақстанда ана капиталын енгізіп,  дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге төлеуді ұсынды. 

Ол жалғыз, екі немесе үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әкенің де қиындықтары бар екенін, бірақ әлеуметтік қолдауға мұқтаждар санатына жатпайтынын атап өтті.
 
Бұған қоса депутат Айжан Сқақова үкімет басшысы орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған депутат қазіргі таңда балаға толығымен жағдай жасау ата-ана үшін қиын екенін айтты. Ол бұл мәселе үкімет тарапынан шешілгенін қалайды.

Депутат төленетін декреттік демалыс уақытын ұзарту керек екенін жеткізді. Оған қоса, балаларға арналған арнайы себет әзірлеу ұсынылды.
Сіз қандай ата-анасыз? Сіз қандай ата-анасыз?
Апасы да аппағының баласының артынан кете барды. Бейсен Құранбектің әжесі де мәңгілік тұрағына кетті.

"Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, "Апа-ау, ақынның баласы келді!" - десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр... Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!" - деп жазды Жетісу арнасының директоры Серік Әбікенұлы.
#бейсенқұранбек 
#апасыныңбаласы 
#апа 
#имандыболсын 
#жаңалықтар 
#инстаграм
"Mega Center Aлматы" сауда – (ойын "Mega Center Aлматы" сауда – (ойын) сауық орталығына бардым, кішкентайыммен бірге. Алдымен қолымызды жуып-шайып алайық деп төменгі қабаттағы әжетxанаға кірсек, кішкентай балалар қол шаятын жалғыз орында мына кісі аяғын (былшылдатып) жуып тұр екен. Оның қалыңдау сақалы мен ерекше  ықыласпен жүзеге асырып  жатқан "дәрет алу процессіне" қарап, қасымдағы қандасымның намазxан екенін түсіне кеттім. Бірдеңе дейін десем - имансыздау көрініп қалам ба деп қорқып тұрмын, үндемей қалайын десем қыңыр мінезім түрткілеп қояр емес.
- Бауырым, мынауың не тірлік? 
- Не болыпты?
- Бала-шаға қол жуатын жерге аяғыңды тығып жатқаның не?
- Бізге осындағы бастықтар рұқсат етті.
- Қол жуатын орынға барып аяғыңды тазалай бер деп айтпаған шығар. Мынауың ұят енді.
- Айтып тұрмын ғой, рұқсат бар бізде деп... Бастықтар біледі.
- Есіміңіз кім?
- Өзіңіз кімсіз?
- Менің атым - Серік.
- Менікі Омар.

Кейіпкерімнің түр-сипаты мен "ереже бойынша жуынғыштығы" дінге жақындығын сездіріп ақ тұр. Әрине, оның Омарлығына  шүбәланбадым. Сонда да болса "дәреталғыштарға" екі сұрақ қойғым келеді: 
А) Кішкентай бүлдіршіндерге тиесілі орынды үлкен адамдардың аяғының астына салып қойғанымыз қалай? 
Ә) "Аяқжуғыштардың" дәреттену құқын" құрметтей отырып, періштелердің сүйкімді қолдарын жууға арналған орынды "аяқасты ете" бермеу үшін кімге не айтуымыз керек?

Р.S. Қоғамдық орындарда қол жуатын орындарда аяқ жуып жүрген ағайынға да екі сұрақ:
А) Кейбір намазxандардың қоғамдық орындарда жүзеге асырып жүрген "аяқ жуу рәсімін" елдің көз алдынан мүлдем тысқары жасауға бола ма? 
Ә) "Аяқжуғыштардың" жоғарыдағы іс-әрекеті - басқа қауымның ыстық сүйіспеншілігін емес, керісінше жиіркеніш сезімін туғызатынын түсіну үшін сіз бен бізге қандай ми керек?

Алматы. 02.03.2019

 Автор: Серік Абасшах

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.