Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Біртанов менингококк инфекциясына қарсы қандай шаралар қолға алынғанын атады

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, тексерістердің нәтижесі әзірге белгісіз

04.06.2018
0
Біртанов менингококк инфекциясына қарсы қандай шаралар қолға алынғанын атады

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан бойынша таралған менингококк инфекциясына қатысты брифинг ұйымдастырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов күні кеше ғана Алматы облысында көз жұмған келіншек пен бала жайлы пікір білдірді деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Айта кетейік, БАҚ беттерінен қапыда келіні мен немересінен айырылып қалған Алматы облысының тұрғыны жайлы ақпарат тараған еді.

Ет жақындарынан айырылған әйелдің айтуынша, жедел-жәрдем қызметі науқастарды нақты қай ауруханаға жатқызатындарын білмей, уақыттан «ұтылған».

Министрдің сөзінше, аталған жайт бойынша арнайы тексеру жұмыстары жүргізілмекші екен.

«Негізі осы немесе басқа жағдайларда болсын кімнің кінәлі екенін құқық қорғау органдары шешетін болады. Егер мұндай арыз-шағым құқық қорғау органдарына түсетін болса, әрине олар барлық тексеру амалдарын жүргізіп, кімнің кінәлі екенін анықтайды.

Ал аталған қайғылы оқиғаға келер болсақ, баланы алғашында Талғар ауруханасына жеткізбек болған екен, бірақ анасы оған қарсы болып, баласын Алматыға апару туралы шешімге келіпті.

Сол жақтан шамасы жедел-жәрдем шақырған болу керек. Әрине осы аралықта біраз уақыт жоғалтып алғаны айдан анық. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Бәрін тексергеннен кейін, медициналық көмек беру стандарттарын бұзу фактілері болса, әрине бұл мәселені құқық қорғау органдарына тапсырамыз.

Біз жақтан, яғни дәрігерлер және жедел-жәрдем жақтан заң бұзушылықтар болса, мамандар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Бірақ күту керек, әзірге бұл тексерілмеген жалпы ақпарат. », — деді министр Біртанов.

Сондай-ақ, ол қауіпті инфекция салдарынан көз жұмған әр оқиғаны жіті бақылауға алып, тексеру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.

«Әр 12 жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, біз медициналық көмек көрсету барысында бекітілген стандарттардың нақты бұзылған-бұзылмағанын білуіміз керек»,-деді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, «тексерістердің нәтижесі әзірге белгісіз, себебі тиісті жұмыстар енді ғана қолға алынған» екен.

 

 

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Назарбаев зорланған 7 жасар баланың ісі не себепті ұзақ зерттелгенін айтты

Келесі лауазым

Атырауда үшем дүниеге келді

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.