Понедельник, 25 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Димаш өмірімді түбегейлі өзгертті: фанаттардың жан тебірентерлік естеліктері

Әлемдегі миллиондаған адамның сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайберген Қазақстандағы туризм елшісі атанды, ол енді қаншама туристі елімізге тарта алады.

06.06.2018
0
Димаш өмірімді түбегейлі өзгертті: фанаттардың жан тебірентерлік естеліктері

Жас әрі дарынды әншіге үміт артып отырған Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Димаш Қазақстанның айрықша мәдениеті мен әсем табиғатын бүкіл әлемге паш еткеніне сенеді,-деп жазды Sputnik.

Жас әнші үкілеген үмітті ақтай ма? Туристер әртістің арқасында Қазақ елін тани ала ма? Қалай болғанда да, қазір оның сансыз көп тыңдарманы Қазақстанның көк туына ерекше тебіреніспен қарап, Димаштың концертіне қазақтың ұлттық киімдерін сатып алып жатыр.

Димаштың отанына сапар

Жаңа Зеландия, Жапония, Америка Құрама Штаттары, Франция, Малайзия және тағы басқа елдерден Димаштың фанаттары Қазақстанға ұшып келді.

Жас әншінің отызға тарта фанклубында тыңдармандар саны бес миллионнға жетеді.

“Біз “Димаштың отаны” атты промо-тур бастауды жөн көрдік, мұнда туристер Қазақстанның үш қаласы – Астана, Ақтөбе, Алматыны аралайды”, — деді  Kazakh Tourism ұлттық компаниясы төрағасы Рашид Күзембаев Димаштың фанаттарымен кездесуде.

Оның айтуынша, бұл идея жайдан-жай пайда болмаған көрінеді, өйткені Димаш қайда өнер көрсетсе де, тыңдармандарын Қазақстанға шақырып жүреді.

“Күн сайын танымалдығы артып келеді, сондықтан бұл турдың болашағы зор деп білеміз”, — деді ол.

Күзембаевтың пайымдауынша, алдағы уақытта Димаштың өнеріне тәнті тыңдармандардың 10%-ы Қазақстанға келсе, елімізді әлемге таныстыруда елеулі жетістік болмақ.

Dears, thank you!

Осы үш сөзді Димаш концерттерінде жиі айтады. Шетелдік фанаттары өздерін осылай “Dears” (Жандарым) деп атағанды жөн көріпті.

Бір байқағанымыз, жас әнші фанаттарымен кездескенде өте байыпты, ұстамды, көп сөйлей қоймайды, бірақ естелік селфиге түсіп, автограф беруден ешқашан бас тартқан емес.

Ақтөбеде Димаштың фанаттарымен кездесуіне БАҚ өкілдері бастан-аяқ қатыса алған жоқ. Кездесудің басым бөлігі жабық өтті.

Шетелдік қонақтармен кездесуге музыканттың бүкіл отбасы келді  – атасы, апасы, әкесі, анасы, қарындасы мен інісі. Залға Димаштың өзі кіріп келгенде, бәрі бір сәтке тым-тырыс болып, сүйікті әншісін көрген өнер сүйер қауымның үні шықпай қалғандай болды. Сол мезетте фанаттар ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсете бастады.

Тыңдармандарға жас әртістің өміріне қатысты жайттардың бәрі қызық: алдағы шығармашылық жоспары, концерттік бағдарламасы, сапарлары және тіпті қазіргі көңіл күйі.

Жұрттың назарынан аздап шаршағандай көрінген Димаш фан-клуб жетекшілерінің сұрақтарына асықпай жауап беріп отырды. Кездесу жаппай селфи түсумен аяқталып, суреттер сол сәтте жаһандық Желіде шартарапқа тарап жатты.

 

 

 

 

Бөлісу7Твит4
Алдыңғы лауазым

Назарбаев: тарихта алғаш рет қазақтар астана үшін орын таңдай алды

Келесі лауазым

Сүйіктісін 10 баласымен алған заңгердің анасы келіні жайлы бар шындықты айтты (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Жатып алып осылай оттайтындардың мақсаты не? 

Жариялауды өтінген оқырманның жазбасы:- Танитындар болса айтсыншы. Қай қалада тұралы екен. Арандату ма әлде өзі еріккеннен айтып жатқан қатын ба? Арнайы барып сөйлесейін, қандас бауыр деп бауырымызға басқанымызға кінәлі болсақ соны айтсын. Әйел екен демеймін, еркек басыммен сөйлесемін.-дейді.

Ескерту: бір қандасымызға бола барлығына кінә артудың қажеті жоқ.
Келісесіздер ме? Келісесіздер ме?
Жамбыл  облысының орталығында өткен кездесуге өңірдің 300 тұрғыны қатысты. Жиында әлеуметтік көмек, медициналық қызметтің қолжетімділігі, спорт, білім мен инклюзивті оқытуды дамыту туралы сөз қозғалды. Тұрғындардың бірін несиені кешіру мәселесі қызықтырды.

Сұраққа жауап бере келе  Жалпы, кредит алардан бұрын "ертең оны қалай қайтарам деп" ойлану керек", -деп атап өтті Бердібек Сапарбаев...
Кей адамдар сізді сырттан қ Кей адамдар сізді сырттан қарап-ақ ішкі ойыңызды біліп алады. Психологиялық жас дегенді білесіз бе? Психологиялық сауаттылықтың пайдасы көп. Өйткені сіз өмірде өзіңізге тиімді қадамды қалай жасау қажеттігін біліп тұрасыз.

Бұл тестте сіз өзіңізді түсігіңіз қаншалықты алдайтынын білесіз. Мүмкін тіпті алдамайтын да шығар.  Айналаңызды қаншалықты жақсы түсінетініңізді тексеріп көріңіз.

Комментарияға қай қызды таңдағаныңызды жаза өтіңіз. Жауап  осы парақшадағв Историяда болады. Сәттілік, ойланып барып жауап беріңіз⬇️⬇️⬇️
Қазір әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген…

Продюсер Баян Алагөзова карантиннен туындаған қаржылық мәселелер туралы айтып, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қолдау таппағанына наразылық білдірді.

«Бір жылға жуық жұмыссыз отырып, біздің Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бірде-бір сөз естімегеніміз өкінішті. Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз», – деді Алагөзова.

Продюсер өзінің қаржылық қажеттілігін Instagram-дағы жарнама, жеке тапсырыстар және күйеуі өтеп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген.

«Менің көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр, жабық шаралардан ақша тауып жүр. 2021 жылы сәуірде менің тұрақты кәсібім болып келген «KeshYOU» тобына 15 жыл болады. Бізде үлкен жоспарлар болды, мерейтойлық концерт жасағымыз келді, бірақ қазір оған ақша жоқ. Бұрын 15 желтоқсаннан бастап біз бір іс-шарадан екіншісіне әрең үлгеруші едік, ал қазір тып-тыныш. Егер біз тағы бір жыл отыратын болсақ, онда топты тарату туралы ойлануға тура келеді», – дейді Баян.
Желідегі кей арналар халық Желідегі кей арналар халық әртісі марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовті сатып кетті, ол қарсы болған жүйеге жақын болды деп айыптап жатты.
⠀
МақпалЖүнісова өзін айыптағандарға жауап берді.
⠀
"Мені қаралаған, маған қара күйе жаққысы келетіндерге айтарым. Мен 15 жылдан бері Зәкеңнің шаңырағының түтінін түтетіп отырмын. Ешкімге алақан жайған жоқпын. Өз күнімді өзім көрдім. Қызымды өсірдім. Отанды сатып кеткен ештеңем жоқ. Әсіресе, жап-жас қазақ қыздары мен жас қазақ жігіттері үшін адамды мазақ қылу деген түкке тұрмайтын дүние болыпты.
⠀
Біреуді қаралаған, күйе жаққан, жала жапқан адамдарды Аллаға тапсырдым. Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Өзімнің арым таза екенін білем. Қызым да биыл алғаш рет сайлауға барып, өз таңдауын жасады. Әркімнің өз таңдауы болады", - деді халық әртісі парақшасында.
⠀
Жүнісова өзін айыптаған ағайынға Мұқағалидің өлеңімен жауап берді.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.