Суббота, 25 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Назарбаев: тарихта алғаш рет қазақтар астана үшін орын таңдай алды

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларға Қазақстанның жетістіктері мен Астананың ел халқы үшін маңызы қандай зор екенін айтты

06.06.2018
0
Назарбаев: тарихта алғаш рет қазақтар астана үшін орын таңдай алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың өткен он жылдағы жетістіктері туралы айтты.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Елбасы Қазақстанның жетістіктерге жетуінде шетелдік компаниялардың да үлесі барын атап өтті.

«Мен өз халқымның атынан сіздерге шын жүректен алғыс айтамын және зор денсаулық, ал компанияларыңызға табыс тілеймін. Әлі де бірлесіп біраз шаруа тындырамыз деген ойдамын», — деді президент.

Оның айтуынша, бүгінде барлығы «қарқынды және жаһандық өзгерістер мен қиындықтардың» куәсі болып отыр. Әлемдегі терроризм, соғыс, санкциялар мен ұлы державалар арасындағы текетірес – осы қиындықтың барлығын еңсеру керек, бұлар Қазақстанға да әсерін тигізеді, деді Назарбаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстанның халықаралық резервтері 90 миллиард доллардан асып жығылғанын, ал Дүнижүзілік банктің Doing Business рейтингінде еліміз соңғы он жылда 64-тен 36-орынға көтерілгенін атап өтті.

«Аз уақыт аралығында біз жаңа астанамызды салдық, тарихта алғаш рет қазақтар елорда үшін орын таңдап, өз астанасын салу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде қазақстандықтар елордамен мақтанады, қонақтар қаланың келбетіне тамсана қарайды. Ол сіздердің көз алдыңызда, ен далада бой көтерді», — деп түйіндеді Назарбаев.

Айта кетсек, биыл шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысы «Жеделдетілген жаңғыру» тақырыбына арналды. Келесі отырыс елордада 2019 жылдың маусым айында өткізілмек, оның тақырыбы адам капиталын дамыту болады.

 

 

 

Бөлісу7Твит5
Алдыңғы лауазым

Шымкент қаласының мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойылды

Келесі лауазым

Димаш өмірімді түбегейлі өзгертті: фанаттардың жан тебірентерлік естеліктері

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    35 бөлісу
    Бөлісу 14 Твит 9
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.