Бір баланың анасы тұрмысқа шыққан алғашқы жылдың өте қызық әрі тез өтіп кеткенін айтады. Ал қазір күйеуінің өзіне айтарлықтай көңіл аудармайтынына өкпелі.
“Салематсыздарма кыз-келиншектер! Аты-жөнім жасырын болсын. Менің қояр сұрағым тұрмыстағы келіншектерге арналады.
Күйеулеріңізбен ара-қатынастарыныз калай? күнделікті? сыйластықтарыңыз? менде бәрі Аллага шүкір жақсы. Бірақ бір жас кездегідей романтика жетиспейді ма? Бала-шаға, үйдің тірлігі, туыстар арпалысып, ерлі-зайыптылар арасындагы жакындық, жылу жетіспейтіндей.
Не істеуге болады? Кейде ойланамын, неге өмір бойы бір-бірімізді қабағымыздан түсініп, қымбат болмаса да тосын сыйларға толы өмір сүрмеске?
Басында бір жыл күйеуімді көріп, көзіне қарап-ақ бақытты болып жүретінмін. Қазір арамыз суық. Бірге тұратын көршілер немесе әріптестер сияқтымыз. Қандай ақыл бере аласыздар?”,-дейді жас ана.