Четверг, 4 марта, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматы облысында мүгедек баланы өлтіріп алған тәрбиешінің соттағы сөзі елді шошытты

Балаларды бұрыннан байлайтын болған! Алматы облысында мүгедек баланы тұншықтырып өлтірді деп айыпталған интернат тәрбиешісіне қатысты  алғашқы сотта осындай дерек айтылды.

10.06.2018
0
Алматы облысында мүгедек баланы өлтіріп алған тәрбиешінің соттағы сөзі елді шошытты

Яғни, ақталмақ болған сотталушы, ауру балаларды төсекке таңып тыныштандыруды әріптестерім үйретті деп салды.

Азапты әдістер мұнымен бітпейді екен. Жылап қоймаған балақайларға жындыхана көйлектерін де кигізетін көрінеді. Ал, бұған жауап беруі тиіс Талғардағы мүгедек балалар интернатының директоры болса сотқа мүлде келмей қалды,-деп жазды КТК арнасы.

Ал орнына келген орынбасары ондайды «көрмедім»  деп қарақан басын ала қашты. Түн ішінде мүгедек баланы тұншықтырып өлтірді деп айыпталып жатқан тәрбиеші, суреттегі әйел.

30 жастағы келіншек сотта өзін тым жайбарақат ұстаған. Оның сөздерінен, керісінше, соттағылар шошыды.

«Мен баланы, төсегіне байладым. Бірақ баланы мен ұрып-соғып азаптаған емеспін. Байлап қойғанда демалып тұрды бала.»,-дейді сотталушы Мейіргүл Жалымова.

Алғашқы сот отырысында-ақ баланы таңып байлағанын мойындаған күтуші ол әрекетінен ешқандай әбестік көрмейді екен. Айтуынша, әріптестері де мүгедек балаларды осылай байлап тыныштандырады екен

«Қай жерде жазылған баланы тынышталмаған жағдайда алып жөргекпен байлау деген? – Неге байлайсыз ?»,-деп сұрақ қойды сот.

«Мен көргенімді істедім.»,-дейді сотталушы Мейіргүл Жалымова.

Тәрбиеші бұл әдіс мүгедек балалар интернатындағы қалған 90 балаға да қолданылатынын айтып, сотқа қатысушыларды шалқасынан бір-ақ түсірді.

Сөйтсе, жындыхананың тәсілін мұндағылар жылдар бойы қолданып келеді екен. Бірақ, сотқа куәгер ретінде шақыртылған басқа тәрбиешілер Жалымованың сөзін теріске шығарды, әрине.

Тіпті, бала өзі ауру болатын деп оның өлімін кездейсоқтыққа баламақ болды. Сотталып жатқан тәрбиешісінің осы сөзінен сескенді ме интернат директоры сотқа өзі келмей, орынбасарын жіберіпті.

Бірақ, судьяның сұсты сұрағына «көрмедім» деп құтылды.

Жарқын Нұрланұлы, «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары: -Ондай жағдай бізде орын алғанын өз басым көрген жоқпын. Бірақ, ондай байлау, нұсқаулықта да, ережеде де жоқ.

Баласының көрген азаптарын өз құлағымен естіген әкесі көз жасына ерік беріп, сот залынан шығып кетті. Міз бақпай отырған күтуші тек осыдан кейін ғана жылап тұрып кешірім сұрады.

Айман Омарова, жәбірленушінің адвокаты: -Медбикесі   келіп жалған әңгіме айтып тұр. Балалардың барлығына “өлім көйлегін “жасаған.  Балалардың бәрін азаптаған деп санаймын.

Бірініші сот отырысы тараптардан жауап алумен аяқталды. Айта кету керек, бала өлімі бойынша сотталушы орындығында тек бір тәрбиеші ғана отыр.

Десе де, жақын күндері оған, әріптестері қосылып қалуы мүмкін. Өйткені, жәбірленуші тараптың адвокаты басқа да балаларды азаптады деген күдікпен бүкіл ұжымның үстінен іс қозғауды сұрамақшы.

 

 

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Сарымсақтың мыңдаған ауруға шипа екенін біле жүріңіз

Келесі лауазым

31 арна директорының әйелі халыққа ұятты жерін көрсеткені үшін сынға қалды (фото)

  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Дәрігер, медбикелер туралы өлең жолдары

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Анаға арналған әдемі өлеңдер. Ана жайлы өлең шұмақтары

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Алматы облысы Нұра ауылының тұрғындары көпбалалы отбасыға асарлатып жаңа үй алып берді. Отбасының ескі үйі толықтай өртеніп кеткен болатын деп хабарлайды "Астана" арнасы. 

Бүтін бір отбасының далада қалуына себепші болған өрт электр желісіндегі ақаудың салдарынан туындаған. 
Жеті баланың анасы Махаббат өрт болған түні күйеуі жұмыста болғанын айтады. Өртті алғашқы болып жеті жасар қызы байқаған екен. Ол лезде үйдегілерді оятып, бәрі сыртқа шығып үлгерген. 
"Балаларымды ұстап, далаға жүгіріп шықтым. Балаларды көршілерде қалдырып, көрші-қолаңмен өртті сөндіруге шықтық. Алайда өртті тоқтату мүмкін болмады. Үй толықтай өртеніп кетті. Балаларым аман қалғанына Аллаға шүкір", - дейді жеті баланың анасы Махаббат.
Ауылдастары көпбалалы отбасыға киім мен ас-суын жағынан көмектесіп қана қоймай үй алып беру туралы шешімге келген. 

Сөйтіп қаражат жиналып, Нұра ауылының 3 мыңнан астам тұрғыны мен кәсіпкердің арқасында отбасы үйлі болған. 
"Жергілікті тұрғындар бір миллион теңге жинады.
 Жалғасы төменде
АҚШ-тың Атланта қаласында 35 АҚШ-тың Атланта қаласында 35 жастағы әйел жігітімен айырылысқаннан кейін өзіне-өзі тұрмысқа шықты деп хабарлайды Lenta.ru. 
Мег Тейлор Мориссон 2020 жылы өткен Хэллоуин қарсаңында тұрмысқа шығуды армандаған. Алайда маусым айында сүйіктісімен айырылысып, жоспарының орындалмасын түсінген. 
Сол кезде Моррисон той жасау үшін өзіне екінші жарты керек емес деген шешімге келген. Америкалықтың сөзінше, осылайша ол өзін қаншалықты жақсы көретінін көрсетпек болыпты. 
Салтанатты кешке Моррисонның ең жақын достары мен туыстары жиналған. Рәсім кезінде өзі жазған антты оқып, айнадағы бейнесін сүйген. 
Ол осы арқылы жақсы тәжірибе жинақтағанын, өзінің денсаулығы мен бақытын бірінші орынға қоюды түсінгенін айтқан. 
Еске сала кетсек,  Мәскеуде тұратын 24 жастағы Рейн Гордон шабаданға құлай ғашық болып, оған тұрмысқа шығып алғанын жазған едік. 

Рейн Гордон жансыз заттарға бала кезінен құштар болған. Бойжеткен сегіз жасынан бері түрлі бұйымдарға ғашық болып келген екен.
Потребительский кредит без Потребительский кредит без залога  от 1 миллиона  до 20 миллионов тенге, а так же рефинансирование со всех банков с выгодой до 50%
Обязательные условия к заемщику:
- Гражданство РК
- Возраст от 21 года
- Пенсионные отчисления от 6 месяцев 

Весь список услуг:
- рефинансирование всех кредитов в один кредит 
- рассмотрим военных и гос.работников
- рассмотрим клиентов с загруженной кредитной историей
- залоговый кредит
- ипотека «7-20-25», «Баспана хит», «Орда».

Консультация и интересующие Вас вопросы, вы можете задать по номеру:
Сот.: +7 776 608 13 13 Али
WhatsApp: +7 778 520 37 33
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов  Қазақстанда ана капиталын енгізіп,  дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге төлеуді ұсынды. 

Ол жалғыз, екі немесе үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әкенің де қиындықтары бар екенін, бірақ әлеуметтік қолдауға мұқтаждар санатына жатпайтынын атап өтті.
 
Бұған қоса депутат Айжан Сқақова үкімет басшысы орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған депутат қазіргі таңда балаға толығымен жағдай жасау ата-ана үшін қиын екенін айтты. Ол бұл мәселе үкімет тарапынан шешілгенін қалайды.

Депутат төленетін декреттік демалыс уақытын ұзарту керек екенін жеткізді. Оған қоса, балаларға арналған арнайы себет әзірлеу ұсынылды.
Сіз қандай ата-анасыз? Сіз қандай ата-анасыз?
Апасы да аппағының баласының артынан кете барды. Бейсен Құранбектің әжесі де мәңгілік тұрағына кетті.

"Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, "Апа-ау, ақынның баласы келді!" - десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр... Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!" - деп жазды Жетісу арнасының директоры Серік Әбікенұлы.
#бейсенқұранбек 
#апасыныңбаласы 
#апа 
#имандыболсын 
#жаңалықтар 
#инстаграм

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.