Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматы тауында турестер суретке түсу үшін 25 мың, видео үшін 55 мың төлейтін болды

Адам басына 420 теңге алатын қорықшылар енді туристер мен қала тұрғындарын заңды түрде тонауға көшкен.

09.06.2018
0
Алматы тауында турестер суретке түсу үшін 25 мың, видео үшін 55 мың төлейтін болды

Алматыда тауда суретке түсу үшін туристерден ақша талап етіп жатыр. Тау табыс көзіне айналған ба! Алматыда туристер тауда алынатын жаңа төлемақыға көңілі толмай отыр.

Онсыз да қорыққа кіреберісте әр адамнан 420 теңге алатын инспекторлар енді келушілерден суретке түскені үшін де ақша талап ете бастапты,-деп жазды КТК арнасы.

Тіпті, бағасына дейін бекітіп қойған. Сурет құны – 25 мың, ал таспаға түсу бақандай 55 мың теңге. Қорық қызметкерлері тек кәсіби фотографтардан ғана ақша алып жүргенін айтады. Ал туристердің уәжі басқа.

Іле-Алатауының етегін тамашалауға келгендер төлемақыдан көз ашпайтыны айтады. Мұнда аттап бассаң, ақша төлеуге тура келеді. Енді тал мен теректің қасында суретке түсу де ақылы болыпты. Бұған туристер наразы.

«Не үшін ақша төлеу керек? Менің ойымша, бәрі тегін болу керек. Мынау мемлекеттің жері. Егер 20 мың төлейтін болса, ешкім фотоға түсірмейтін болады.»,-дейді турист Ақжол Жүнісов.

Ал табиғатта суретке түсу құны – 25 мың, ал видеотүсірілім бақандай – 55 мың теңге болған. Оны төлегісі келмей, күзетшілермен сөзге келіп қалғандардың бірі – Ғалымжан Асқаров. Қолынан таспасы түспейтін жігіт тауда достарын түсіріп жүріпті.

«Қарсымын! Себебі, БАО-ға барғанда біз экопостқа төлейміз ақша.Жетпей ме сол?»,-дейді  Алматы қаласының тұрғыны Ғалымжан Асқаров.

Ақыры ол түсірген суреттерін өшіруге мәжбүр болыпты. Ал тауға келгені үшін бір рет, суретке түскені үшін екінші рет ақша ала бастаған «Іле-Алатауы» ұлттық паркі қызметкерлері бәрін жоғары басшылыққа сілтеп отыр. Олардың айтуынша, Орман шаруашылығы Комитеті сондай бұйрық шығарған.

«Комитетің бұйрығы  бүкіл республика аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктарға күші жүреді. Яғни, әр парктің өзінің тарифі бар. Ол ақша мемелкеттік парктің шотына жұмсалады. Яғни, ол Іле-алауы ұлттық табиғи паркінің жұмыскерлеріне жалақысына бөлінеді»,-дейді  Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық бағының баспасөз хатшысы Дулат Әбенов.

Алматы облысында қорықта суретке түскені үшін 20 адамнан төлемақы алынған. Ал белгілі заңгер Айман Омарова бұлай суретке түсуден ақша алуды  заңсыз деп есептейді.

«Бұйрықта сол 14-тармақты әкімшілік өзіне қалай қолайлы болса, солай қолданып жатыр. Ешнәрсе істемей, тек қана сенің фотоаппаратыңа қарап тұрып сенен ақша алу деген ол дұрыс емес деп санаймын. Заңсыз деп санаймын. Сол үшін прокуратура оған өзінің тексерісін бастау керек. Онда паркке не үшін елдер барады?Егер онда суретке түсе алмайтын болса, онда үйінде-ақ отырмай ма?»,-дейді заңгер Айман Омарова.

Қорықшылар елімізде туризмнің көсегесін көгертуге бас қатыра қоймайтын сияқты. Олар керісінше, көк түтінді көліктерді тегін кіргізіп,  фотоаппарат ұстағандарды үркітіп әлек.

 

.

Бөлісу12Твит7
Алдыңғы лауазым

Танымал актер Санжар Мәдиев ауыр дертті қалай жеңгенін айтып берді

Келесі лауазым

Әріптесі Нартай Аралбайұлының екінші әйелін халыққа таныстырды (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.